Ұлттық рухты ұлықтаған дүбірлі дода
Ауданымызда ел тарихында өшпес із қалдырған Бисенбай әулие Құрманұлының 245 жылдығына орай ұлттық спорттан үлкен мерейлі жарыс өтті. Дүбірлі дода қазақ күрес, қол күрес, қошқар көтеру, гір тасын көтеру және арқан тарту сияқты ата-бабадан мирас болған спорт түрлерін қамтыды.
Жарыс алаңы мерекелік көңіл-күйге бөленіп, спортшылардың жігерлі айқасы көрерменнің делебесін қоздырды. Көпшілік ұлттық спорттың қуатын сезініп, тартысты белдесулерді тамашалап, өз батырларына қошемет көрсетті.
Бұл сында Қызылорда қаласы мен облыстың 7 ауданынан келген спортшылар бас қосып, нағыз күш пен шыдамдылықтың мектебін көрсетті. Әрбір жеңіс – жанкешті жаттығудың, қайсар рухтың, табанды еңбектің нәтижесі болды.
Қазақ күресі бойынша жасөспірімдер арасында:
55 кг дейінгі салмақта:
І орын – Қожахмет Бексұлтан (жүлде қоры 100 000 теңге)
ІІ орын – Бақытбек Мирас (жүлде қоры 70 000 теңге)
ІІІ орын – Жұмабек Ғизат (жүлде қоры 50 000 теңге)
ІІІ орын – Әлменбет Ерсұлтан (жүлде қоры 50 000 теңге)
+55 кг салмақта:
І орын – Әлиасқаров Әлихан (жүлде қоры 100 000 теңге)
ІІ орын – Бақытжан Арқар (жүлде қоры 70 000 теңге)
ІІІ орын – Аралбек Айдос (жүлде қоры 50 000 теңге)
ІІІ орын – Қасымов Ислам (жүлде қоры 50 000 теңге)
Қол күресі (ересектер):
І орын – Қанаев Талғат (100 000 теңге)
ІІ орын – Щвец Роман (70 000 теңге)
ІІІ орын - Рүстембеков Айдар (50 000 теңге)
Қошқар көтеру (ересектер):
І орын –Оразбай Рамазан(қошқар)
ІІ орын – Нысанбаев Бекмұрат (70 000 теңге)
ІІІ орын –Алмаханов Спандияр(50 000 теңге)
Гір тасын көтеру (ересектер):
І орын – Бөлекбаев Мейрамбек (100 000 теңге)
ІІ орын – Бақытбекұлы Бексұлтан (70 000 теңге)
ІІІ орын – Кәжденбек Еркебұлан (50 000 теңге)
Арқан тарту (ересектер):
І орын – Стадион 1 (150 000 теңге)
ІІ орын – Дөйт (100 000 теңге)
ІІІ орын – Құсқана 1 (50 000 теңге)
Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар, медальдар және қаржылай сыйлықтар табысталды.
Бұл дүбірлі дода – ұлттық спортты дәріптеп қана қоймай, елдіктің, бірліктің айшықты көрінісіне айналды. Жарыс алаңында жасалған әрбір белдесу – болашақ ұрпаққа үлгі боларлық қайсарлықтың айғағы іспетті болды.