» » «Жаңбырдың арты қарға ұласады»: еліміз бойынша 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Жаңбырдың арты қарға ұласады»: еліміз бойынша 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 2025 жылдың 29 қыркүйегіне қатысты Қазақстан аумағы бойынша ауа райының жалпы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жаңбырлы болады. Шығыста, еліміздің орталығында нөсер жаңбыр жауса, солтүстікте, орталықта жауған жаңбыр арты қарға ұласады, оңтүстікте, шығыста найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел тұрады деп күтіледі.
Жауын-шашынсыз ауа райы еліміздің батысында ғана сақталады.
Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе, Павлодар облыстарының солтүстігінде сынап бағаны 3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді деп күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау өңірінің солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Түркістан, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды, Қостанай облыстарының оңтүстігінде және Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.
28 қыркүйек 2025 ж. 315 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 124
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031