» » 13 күн қалды: салық органдары үндеу жасады

13 күн қалды: салық органдары үндеу жасады

Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 1 қазанға дейін пәтер, үй, саяжай, гараж және басқа да жер учаскелерінің иелері 2024 жылдағы мүлік салығын төлеуі керек екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл төлем барлық жылжымайтын мүлік иелері үшін міндетті саналады. Комитет мәліметінше, салық сомасы туралы хабарлама шілдеде қағаз түрінде, оған қоса екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push хабарлама түрінде жіберілген.
Салық 1 қазанға дейін төленбесе, келесі күннен бастап әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі. Сонымен қатар, салық органдары қарыз туралы хабарлама жібереді.
Ал 14 қарашадан бастап 1 АЕК-тен (3 692 теңге) жоғары борыш бойынша өндіріп алу туралы салық бұйрығы шығады. Егер осыдан кейін салық бес жұмыс күні ішінде төленбесе, құжаттар жеке сот орындаушыларына беріледі.
Жеке сот орындаушыларының мынадай құқығы бар:
  • борышкердің банк шоттары мен қаражаттарына тыйым салу;
  • жылжымайтын мүлік және басқа мүлікке қатысты операцияларды шектеу;
  • 40 АЕК (147 680 теңге) берешек болса, Қазақстаннан тыс жерлерге шығуға тыйым салу.
18 қыркүйек 2025 ж. 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930