» » Қазақстандықтар қазанда қосымша бір күн демалады

Қазақстандықтар қазанда қосымша бір күн демалады

Қазанда қазақстандықтарда қосымша бір күн демалыс болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Республика күні - Қазақстандағы жалғыз ұлттық мереке, ол жыл сайын 25 қазанда аталып өтеді. Бұл мереке 1990 жылы Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған кезде пайда болды. 2022 жылдан бастап Республика күні демалыс күні болып белгіленді.

Қазақстандықтар Республика күнінде қалай демалады?

Бес күндік жұмыс аптасы

2025 жылы 25 қазан сенбіге түседі, сондықтан "Мерекелер туралы" заңға сәйкес, демалыс күні дүйсенбіге, яғни 27 қазанға ауыстырылады. Нәтижесінде қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады:
  • 25 қазан (сенбі);
  • 26 қазан (жексенбі);
  • 27 қазан (дүйсенбі).
Жалпы алғанда, қазанда бес күндік жұмыс аптасында 9 демалыс және 22 жұмыс күні болады.

Алты күндік жұмыс аптасы

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін мерекелік демалыс қысқарақ болады:
  • 25 қазан (сенбі) - мерекелік демалыс;
  • 26 қазан (жексенбі) - демалыс;
  • 27 қазан (дүйсенбі) - жұмыс күні.
Аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қазанда бар болғаны 5 күн демалады.

Қазан айындағы кәсіби мерекелер

Республика күнінен бөлек, қазанда Қазақстанда бірнеше басқа да атаулы даталар аталып өтеді:
1 қазан - Жоғары оқу орны қызметкерлері күні;
2 қазан - Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні;
5 қазан - Мұғалімдер күні;
6 қазан - Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні;
10 қазан - Қазақстан кәсіподақтары күні;
14 қазан - Стандарттау қызметкерлері күні;
19 қазан - Құтқарушы күні;
19 қазан (қазанның үшінші жексенбісі) - Орман шаруашылығы қызметкерлері күні;
20 қазан - Қоғамдық тамақтану саласы қызметкерлері күні;
24 қазан - Кітапханашы күні;
26 қазан (қазанның соңғы жексенбісі) - Әлеуметтік қорғау қызметкерлері күні, Автомобиль көлігі және Автожол саласы күні;
29 қазан - Қауіпсіздік ұйымдары қызметкерлері күні және Қазақстан кәсіпкерлері күні.
16 қыркүйек 2025 ж. 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031