» » Ақпаратты есте сақтаудың 5 әдісі

Ақпаратты есте сақтаудың 5 әдісі

Ағылшын тілін үйреніп жүргенде немесе басқа да іспен шұғылдану барысында, ақпаратты есте сақтау қажеттілігі туады. Алайда, нәтижесі көңіліңізден шықпай жүрсе, төмендегі әдістерге көз жүгіртіңіз. Мүмкін, оның ішінде сізге қажеті бар шығар.  1. Локус әдісі Ақыл-ой үйін ойлап тапқан «Шерлок» сценарийшілері емес, оны біздің заманымызға дейінгі бірінші ғасырда ежелгі римдіктер тапқан болатын. Бұл әдістің мәні визуализацияда: қиялыңызда ақпарат сақтаулы тұрған бөлме құрылады. Егер сізге бірдеңені есте сақтау керек болса, оны осы өзіңіздің үйіңізге салып қоясыз. Ақпарат керек болған кезде «бөлменің» ішінде серуендеп, байланыс арқылы барлығын еске түсіруге тырысасыз. Бұл заттар қаншалықты біртүрлі болса, олар ойыңызда соншалықты ұзақ жатады. Иә, біртүрлі естіледі және бірінші реттен бірден келісе бермейді.  2. Қате айту Бұл әдіс ағылшын тілін үйреніп жүргендерге жақсы келеді. Ғалымдар тәжірибе жүргізген: Еріктілерді дайындықсыз шетелдік сөздердің мағынасын табуларын сұраған. Бірінші ретте, олар әрдайым шатасқан, бірақ одан кейін оның дұрыс жауабын жақсы еске түсірген. Олар бұл әдісті қолданбағандарға қарағанда 2 есе жақсы еске сақтаған. 3. Чанкинг әдісі Телефон нөмірін жазу кезінде орташа есеппен 4 санды ғана жаттайтыныңызды байқадыңыз ба? Банк картасының нөмірі де 4 саны бар топтарға бөлінеді. Ол чанкинг техникасы (chunking – блоктарға бөлу) деп аталады. Адамның операциялық жады шектеулі: адам орташа есеппен бір уақытта ақпараттың 4-7 элементін ғана жаттай алады. Бұл әдіс ақпаратты порцияларға бөлуді ұсынады. Қай нөмірді «қабылдау» жеңілірек: 82023455680 немесе 8 (202) 34 55 680? Мәтінді де осылай бірнеше бөлікке бөліп, әр сөзге байланыс ойлап табыңыз. 4. «Швед үстелі» принципі Зерттеулер оқу сабақтарын түрлендіру керектігін көрсетеді. Бір нәрсеге зейін қойғаннан гөрі пәндер мен дағдыны кезектестірген жөн. Егер сіз тіл үйреніп жатсаңыз, бір сабақта айтылуын, тыңдалымын және жаңа сөздерді жаттауды да үйреніңіз. Егер әдебиетті оқып жүрсеңіз, кітабын оқыған соң, фильмін қараңыз. Әр жаттығуға немесе тақырыпқа бір күнді арнамаңыз. Өзіңізді мәзірден тапсырыс бергендей емес, швед үстелінен түрлі тағамның дәмін көріп жүргендей сезініңіз. 5. Спорт Ақпаратты нейрондардың (ми жасушалары) бір-біріне белгі беруі есебінен есте сақтаймыз. Олардың арасындағы байланыс қаншалықты тығыз болса, процесс соншалықты оңай жүреді. Нейронды желілерді қалай дамыту керек? Ол үшін спортпен айналысып, содан соң оқуға отырыңыз.

21 маусым 2018 ж. 1 785 1

JeaCold от 24 ақпан 2019 16:16
Macrobid 100mg Tablets Mastercard Alaska Amoxil En Capsulas cialis Cheap Viagra Pfizer Pharmacyrx

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031