» » Қазақстанның ХҚКО-лары #ATAZAN_AZAMAT_KZ республикалық челленджіне қатысты

Қазақстанның ХҚКО-лары #ATAZAN_AZAMAT_KZ республикалық челленджіне қатысты



«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай өткен #ATAZAN_AZAMAT_KZ республикалық челленджінің аяқталғанын хабарлайды. Бұл бастама «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары аясында еліміздің барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылды.
Акция барысында аймақтық халыққа қызмет көрсету орталықтарында 16 жасқа толған азаматтарға жеке куәліктер салтанатты түрде табысталды. Бұл қадам олардың ресми түрде елдің азаматтық өміріне қадам басқанын білдіріп, әрбір азаматтың құқықтық мәртебесінің маңызын айқындады.
Сонымен қатар, Астанада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы алаңында Конституциялық Сот пен Ішкі істер министрлігінің өкілдерінің қатысуымен жасөспірімдерге, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматтығын алғандарғақұжаттарды табыстау рәсімі өтті.
Аймақтарда челлендждің ХҚКО филиалдарының мемлекеттік органдар және қоғам өкілдерімен бірлесе ұйымдастырылуы оның ауқымын кеңейте түсті.
Маңыздысы, челлендж өткен аралықта ел бойынша 229 азамат алғашқы жеке куәлікке ие болды, сондай-ақ,онлайн-өтініш арқылы 310 құжат табысталды.
Осылайша, #ATAZAN_AZAMAT_KZ челленджі Конституцияның 30 жылдығына арналған іс-шаралар кешенінің бір бөлігіне айналды. Бастаманың жүзеге асырылуы азаматтық жауапкершілік пен патриотизм құндылықтарын нығайтуға ықпал етіп, құқықтық мәдениеттің дамуына және тұрақты мемлекеттің қалыптасуына жастардың қосар үлесін айқындады.
05 қыркүйек 2025 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930