» » ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ


Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында аймағымызда аса қауіпті инфекциялық және паразиттік ауруларға қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақты деңгейде сақталды. Эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесінде бірқатар нозологиялар бойынша сырқаттанушылық төмендеген. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.

- 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қызылорда облысында аса қауіпті инфекциялық және паразиттік ауруларға қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақты деңгейде сақталуда. Індетке қарсы профилактикалық шаралардың нәтижесінде 60-тан астам нозология бойынша сырқат тіркелмеген. Сонымен қатар, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20-дан астам ауру түрінің төмендеуі байқалды. Бұл біздің сала мамандарының жүйелі еңбегінің нәтижесі. Вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы да кешенді шаралар жүргізілуде. Әсіресе балаларды екпемен қамту деңгейі облыс көлемінде оң нәтиже көрсетіп отыр. Дегенмен кейбір аудандарда көрсеткіштерді арттыру бағытында жұмыстар жалғасуда. Өткен жылдың қазан айынан бастап 11-13 жас аралығындағы қыз балаларға адам папиллома вирусына қарсы вакцинация жүргізілуде. Жарты жылдық қорытындысымен 4 мыңнан астам қыз бала егілді. Бүгінгі күні облыс бойынша 5 мыңнан астам нысан санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда тұр. Оның ішінде үш мыңнан астамы - эпидемиологиялық тұрғыдан аса маңызды нысандар. Барлық объектілерде жоспарлы тексерулер мен мониторинг тұрақты жүргізілуде. Сондай-ақ халық үшін санитариялық-эпидемиологиялық сала бойынша мемлекеттік қызметтердің барлығы электронды форматта көрсетіледі. Жыл басынан бері 800-ден астам өтініш түсіп, оның басым бөлігіне рұқсат құжаттары берілді. Алдағы уақытта да басты мақсатымыз - өңір тұрғындарының денсаулығын қорғау және жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын күшейту. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз жүйелі түрде жалғаса береді, - деді Әлия Мүтәліпқызы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

21 тамыз 2025 ж. 58 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 151

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930