» » Мемлекет басшысы Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының (WT) президенті Чунгвон Чоуды қабылдады

Мемлекет басшысы Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының (WT) президенті Чунгвон Чоуды қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Чунгвон Чоудың сапары Қазақстанның спорт қауымдастығы үшін маңызды оқиға саналатынын атап өтті. Сондай-ақ бұл Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының елімізде аталған спорт түрінің дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдіреді.

Мемлекет басшысы таеквондо олимпиадалық спорт түрі ғана емес, үйлесім, тәртіп және өзара құрмет қағидаттарына негізделген, дүние жүзіндегі миллиондаған адамды біріктіретін философия деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елордада G1 санатындағы Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтинг турнирін өткізу отандық спортшылардың кәсіби тұрғыдан шыңдалуына, тәжірибе алмасуына әрі Ұлттық федерацияның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге кеңінен жол ашады. Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Қазақстанда таеквондоның танымалдылығы артып, халықтар арасындағы байланыс нығая түсетініне сенім білдірді.

Чунгвон Чоу қонақжайлық танытып, Қазақстанда таеквондоның дамуына әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Бүкіләлемдік федерация басшысы ертеңгі турнирдің ұйымдастырылуына және еліміздегі осы спорт түріне қызығушылық деңгейіне жоғары баға берді. Сонымен қатар қазақ спортшыларының халықаралық аренадағы табысына тоқталды.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті әлемде таеквондоның дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Чунгвон Чоуды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Мемлекет басшысына ерекше құрметтің белгісі ретінде тоғызыншы дан қара белбеуін табыс етті.
12 тамыз 2025 ж. 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930