» » ҰЛТТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ: АГРАРЛЫҚ САЯСАТТЫ ТИІМДІ ЖҮРГІЗУДІҢ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМЫ

ҰЛТТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ: АГРАРЛЫҚ САЯСАТТЫ ТИІМДІ ЖҮРГІЗУДІҢ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМЫ


1 тамыз - 20 қазан аралығында Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Бұл кең ауқымды статистикалық бақылау елдің барлық өңірін қамтып, аграрлық сектордың жай-күйі туралы өзекті ақпараттың маңызды көзіне айналуда. Санақ онлайн және офлайн кезеңдерге бөлінеді.
Санақтың онлайн кезеңі 1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында онлайн-сауалнама арқылы жүргізіледі. Бүгінде аймағымыздағы ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын шаруашылық құрылымдары аталған сайт сауалнамадан өтуде. Санақ жұмыстарын ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Айбек Әбілдаев саралап берді.

- Бұл санақ еліміздің ауыл шаруашылығы саласы бойынша мәліметтерді жинап, талдап, аграрлық саясатты тиімді жүргізуге негіз болатын маңызды статистикалық зерттеу болып табылады. Ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын барлық заңды тұлғалар, шаруа-фермер қожалықтары мен үй шаруашылықтары sanaq.gov.kz сайтына электронды цифрлық қолтаңба арқылы кіріп,санақ парақтарын көрсетілген сауалдарға шынайы жауап беруі тиіс. Бұл әдіс өте ыңғайлы, сонымен қатар деректерді жинаудың тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сайтқа кірген сәтте респонденттер жүйеге тіркеліп, электрондық цифрлық қолтаңба, QR-код немесе СМС хабарлама арқылы авторизациядан өтеді. Сауалнама парағына кірген кезде кейбір жолдарда мемлекеттік органдардың деректер базасында бар көрсеткіштер көрсетіледі. Осы жерде әрбір респондент ескеретін мәселе көрсетілген көрсеткіштерді сол күйі қалдыра алады немесе оларды өзгеріс енгізе алады. Егер респонденттің сауалнама парағын толтыру кезінде қандай да сұрақтары туындаса, аталған сайтта арнайы әзірленген жасанды интеллект арқылы жауап беретін sanaq-Myrza виртуалды көмекшісі көмек бере алады. Сондай-ақ 1446 нөмірі бойынша бюроның байланыс орталығына хабарласуға болады. Санақ жүргізу үшін біз облыс бойынша жұмыссыз азаматтар мен студенттер қатарынан, сондай-ақ барлық ниет білдірген азамат санатынан 192-ден астам азаматты интервьюер ретінде жұмысқа тартуды жоспарлап отырмыз,- деді Айбек Жантөреұлы.

Айта кетейік санақтың екінші кезеңі 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өтеді.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

11 тамыз 2025 ж. 81 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930