» » Қызылорда облысында заңсыз кәсіпкерлік нысандарға қарсы шаралар күшейтілді

Қызылорда облысында заңсыз кәсіпкерлік нысандарға қарсы шаралар күшейтілді

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, жер және құрылыс саласындағы кейбір мәселелерді реттеу үшін арнайы жұмысшы топ құрылды.
Аталған тапсырмаға сәйкес, облыс аумағында жалпы 555 құрылысы жүріп жатқан (Қызылорда қаласы – 158, Арал ауданы – 72, Қазалы ауданы – 65, Қармақшы ауданы – 35, Жалағаш ауданы – 29, Сырдария ауданы – 36, Шиелі ауданы – 72, Жаңақорған ауданы – 88)кәсіпкерлік нысандар бойынша зерделеу жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі күнімен 175 нысан заңдастырылды (Қызылорда қаласы– 81, Арал – 13, Қазалы–6, Қармақшы -4, Сырдария – 5,Шиелі – 2, Жаңақорған – 64), ал 81нысан заңсыз салынғаны анықталып, олардың меншік иелерінежалпы214хаттама толтырылып(Қызылорда қаласы – 33/81, Арал ауданы – 9/21, Қазалы ауданы – 10/30, Қармақшы ауданы – 1/3, Жалағаш ауданы – 5/14, Сырдария ауданы – 10/29, Шиелі ауданы – 5/14, Жаңақорған ауданы – 8/22), 86 579 960 теңге айыппұл салынды.
Бұған қоса, Қызылорда қаласының 4кәсіпкерлік нысаны бұздырылып, қазіргі таңда КБИ мөлтек ауданыңда заңсыз салынған пәтердің қосымша құрылысын бұздыруға соттын шешімі шықты.
Сонымен қатар, Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қызметкерлерімен құрылыс процесстеріне қойылатын негізгі талаптар бойынша күнделікті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп түсіндірме парақшаларын таратуда.
Әліп Мәди Раманқұлұлы,
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының
басқарма басшысының орынбасары
04 тамыз 2025 ж. 138 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 76

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031