» » АЙМАҚТА ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

АЙМАҚТА ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қызылорда облысында су, орман, балық, жануарлар дүниесін сақтау және қалдықтарды басқару бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда.
Су мәселесі - облыс үшін ең өзекті бағыттардың бірі. 2025 жылдың басынан бері Солтүстік Арал теңізіне 1,6 млрд текше метр су түсті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 218 млн текше метрге артық. Сонымен қатар, биыл Арал теңізіне жіберілген судың жалпы көлемі 22,3 млрд текше метрге жетті. Бұл - экожүйені сақтау, балық қорын молайту және халықтың тұрмыс сапасын арттыру үшін өте маңызды көрсеткіш. Орман шаруашылығында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биыл күзде Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 100 мың гектарға жуық аумаққа орман мелиорациялық жұмыстар жүргізіледі. Оның ішінде 15 мың гектарға сексеуіл көшеттері отырғызылып, 85 мың гектарға галофит тұқымдары себіледі. Балық шаруашылығына келсек, алты айда 4 604 тонна балық ауланып, 2 028 тоннасы шет елдерге экспортталды. Бүгінде 80 көл-тауарлы балық шаруашылығы тіркеліп, жыл соңына дейін 1 426 тонна балық өсіру жоспарланған. Қалдықтарды басқару бағытында 153 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналып, соның 31,5 пайызы өңделді. Халықты экологиялық мәдениетке баулу мақсатында тазалық акцияларына 171 мыңнан астам адам қатысып, 7 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Бүгінде табиғатты қорғау - тек салалық басқармалардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Сондықтан әр тұрғын экологияға деген көзқарасын өзгертіп, табиғатпен үйлесімді өмір сүруді басты ұстанымға айналдыруы тиіс.

30 шілде 2025 ж. 38 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 632
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 404

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031