» » Үкімет Қызылорда облысындағы егін алқаптарын сумен қамтуға 1 миллиард теңге бөлді

Үкімет Қызылорда облысындағы егін алқаптарын сумен қамтуға 1 миллиард теңге бөлді

фото: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аграрлық секторды тұрақты түрде сумен қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмасын іске асыру аясында Үкімет резервінен Қызылорда облысының қажеттіліктері үшін 53 жылжымалы дизельді сорғы стансасын сатып алуға шамамен 1 млрд теңге бөлінді. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
Мамандардың есебінше, жаңа жабдық магистральді арналарда су деңгейі төмен болған күннің өзінде 6 мыңнан астам гектар жерді суарып тұруға мүмкіндік береді. Сорғы стансалары магистральді және шаруашылықтар аралығындағы арналардан ішкі шаруашылық желілеріне су жіберу үшін қолданылады.
Өңірде 126,4 мыңнан астам гектар жерге суармалы егін егілген, оның 82,4 мың гектары күріш. Ағымдағы суару маусымында жоспарланған су көлемі 2,5 млрд текше метр құрайды.
Облыс әкімдігі «Қазсушар» РМК-нің Қызылорда филиалымен бірлесе арнайы мониторинг тобын жасақтап, Сырдариядан келіп жатқан су көлеміне сәйкес, бес магистральді және үш шаруашылықтар аралығындағы арналарға су беру кестесін әзірлеп, бекітті.
Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешені трансшекаралық су ресурстарына тікелей тәуелді екенін ескере отырып, өңірді тұрақты түрде сумен қамтамасыз етіп, астық өнімділігін және азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мемлекеттің басты міндеті боп қалады.
 
30 шілде 2025 ж. 99 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930