» » Үздік маман – сапалы қызмет

Үздік маман – сапалы қызмет

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Бірыңғай байланыс орталығы бөлімдерінің бірі Қызылорда қаласында орналасқан. Ол жыл басынан бері 1 миллионға жуық қоңырауға жауап беріп, халықпен тиімді кері байланысты қамтамасыз етіп келеді.
Бірыңғай байланыс орталығыныңтабысты жұмыс істеуіне үлес қосып жүрген мамандардың бірі – қызылордалық Жанар Қасымова Исмаилбекқызы. Ол корпорацияда он жылға жуық уақыт еңбек етіп келеді. Еңбек жолын Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы ретінде бастаған Жанар Исмаилбекқызы бүгінде бірыңғай байланыс орталығының жетекші маманы қызметін абыроймен атқарып жүр. Оның кәсібилігі мен жауапкершілігі лайықты бағаланып, «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» өңірлік байқауында «Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша үздік деп танылды.
«Біздің басты міндетіміз – әрбір азаматтың сұранысына зейін қойып, сапалы қызмет көрсету. Бұл марапат мен үшін тек құрмет қана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік. Алдағы уақытта да осы бағытта адал еңбек етуді жалғастырамын. Қолдау көрсеткен ұжымыма үлкен алғыс білдіремін», – дейді Жанар Исмаилбекқызы.
Айта кетейік, Сыр өңіріндегі орталыққа күніне орта есеппен 8 мыңға жуық қоңырау түседі. Әр операторға шаққанда 130-150 қоңыраудан келеді, ал мерекелік күндері бір маман 200-ге жуық қоңырауға жауап беріп, азаматтарға ақпараттық қолдау береді.
Мұндай жетістіктер өңірдегі мемлекеттік қызмет көрсету сапасының артуына, қызметкерлердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге және халықтың мемлекеттік қызметтерге деген сенімін нығайтуға бағытталған нақты қадамдардың жемісі екені сөзсіз.
30 шілде 2025 ж. 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 807
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 528

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930