» » ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК - ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК - ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Қызылорда облысында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының инспекторлары профилактикалық бақылау мен қадағалау шараларын күшейтіп, бірқатар бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы бастығының міндетін атқарушы Еркебұлан Жарасов мәлімдеді.

- Біздің алдымызға қойылған негізгі міндет - тексеру жүргізіп, айыппұл салумен ғана шектелу емес. Ең бастысы - өндіріс орындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету. Биылғы алты айда 12 профилактикалық бақылау жүргізіліп, 800-ден астам қауіпті өндірістік объект зерттелді. Нәтижесінде 500-ден астам заң бұзушылық анықталды. Бұл - қауіпсіздікке немқұрайлы қарауға болмайтынын көрсетеді. Әсіресе, кейбір өндіріс орындарында талап өрескел бұзылғандықтан, бірқатар ұңғымалардың жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды. Жоспардан тыс тексерулер барысында да заң бұзушылықтар кездесіп, кей кәсіпорындарға айыппұл салынды. Бірақ біздің мақсатымыз - жазалау емес, әр кәсіпорында қауіпсіздік деңгейін көтеру. Тексеру кезінде бірінші кезекте ескерту беріліп, кемшіліктерді түзетуге уақыт беріледі. Егер ол уақытында орындалмаса, заң аясында жауапкершілік қаралады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік - бұл қағаз жүзіндегі талап емес, адамның өмірі мен денсаулығына деген жауапкершілік,-деді Еркебұлан Жұмағалиұлы.

24 шілде 2025 ж. 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 124
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031