» » СУДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ШАРАЛАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

СУДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ШАРАЛАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА


Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен су мәселелері бойынша кеңес отырысы өтті.
Күн тәртібінде вегетациялық кезеңнің өту мәселесі талқыланып, оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов және облыстық басқарма, су шаруашылығы мекемелерінің басшылары селекторлық режим арқылы қатысты.
Биыл облыста 189,4 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Атап өту қажет, осы жылғы вегетациялық кезең күрделі жағдайда өтуде. Егісті сумен қамтамасыз етуге 3 млрд. 900 млн. текше метр су лимиті бекітілген.
Бүгінгі күні вегетациялық кезең басталғалы бері Сырдария өзенінен 2,5 млрд текше метр су алынып, оның 2 млрд текше метрі егістікке берілді.
Қазіргі таңда Сырдарияға жоғарыдан секундына 401 текше метр су түсуде. Каналдар арқылы шаруашылықтарға 453,9 текше метр су жеткізілуі тиіс болса, нақты 340,5 текше метр алынуда.
Суды тиімді пайдалану мақсатында тиісті министрліктермен бірлесіп, бірқатар шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, қашыртқыдағы суды екінші мәрте пайдалану бағытында облыста 238 дана насос қондырғысы жұмыс жасауда. Оның ішінде, 25 дана насос қондырғысы Төтенше жағдайлар министрлігінің қолдауы ретінде жеткізілді.
Қалыптасқан жағдайды ескеріп, облыс бойынша арнайы жұмысшы топтары құрылып, шаруашылық құрылымдары арасында түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Магистральді және шаруашылықаралық каналдармен суды кезектестіріп беру кестесі бекітіліп, су кестеге сәйкес жіберілуде.
Жалпы су үнемдеу бағытында 60 мың гектар күріш алқаптары лазерлік тегістеліп, су үнемдеу технологияларын қолдану көрсеткіші
8,1 мың гектарға дейін артып, екі есеге ұлғайды.
Аймақта вегетациялық кезеңнің өтуі тұрақты бақылауда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

17 шілде 2025 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930