» » АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, ұсыныстарын тыңдады.

Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, жер және тұрақты жұмысқа орналасу мәселелерін көтерді. Қабылдауға онлайн қосылып, өзінің ұсынысын жеткізген тұрғындар да болды. Аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесіне жеке тоқталып, заңдылыққа сәйкес түсіндіріп өтті.

Жұмыссыздық мәселесін көтерген тұрғындарға, бүгінгі таңда аудан бойынша бос жұмыс орындарын ұсына отырып, мәселесін шешу үшін тиісті сала басшысына тапсырмалар жүктеді.

Қабылдауға келген азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстары бойынша жауапты басшыларға мүмкіндіктерді қарастыра отырып, заң аясында шешу қажеттігін тапсырды.

Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.kz порталы, e-otinish.kz базасы немесе әкімдікке жазбаша өтініш беру арқылы жазыла алады.

11 шілде 2025 ж. 311 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 918
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 167

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930