» » Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға өседі? Министрлік жауабы

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға өседі? Министрлік жауабы

2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыға 6,8 триллион теңге бағыттау жоспарланған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрлік келесі жылға арналған бюджет жобасында әлеуметтік қолдауға арналған ауқымды шығындар қарастырылғанын еске салды.
"2026 жылға арналған республикалық бюджет жобасы аясында зейнетақы мен жәрдемақылар бойынша әлеуметтік төлемдерге жалпы сомасы 6,8 триллион теңге көлемінде шығын қарастырылған", – делінген министрліктің Tengrinews.kz редакциясы ресми сауалына берген жауабында.
Ведомство мәліметінше, 2025 жылмен салыстырғанда төлемдерге арналған шығыстар 14,4 пайызға немесе 860,5 миллиард теңгеге өседі.
Атап айтқанда:
  • зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін индекстеуге – 622,6 миллиард теңге;
  • алушылар санының артуына – 237,9 миллиард теңге бағытталады.
"2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,6 миллионнан астам зейнеткер мен шамамен 2,3 миллион жәрдемақы алушы үшін зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін 10,5 пайызға индекстеу жоспарланған", – деп қосты Еңбек министрлігі.
Индекстеу еңбек және базалық зейнетақыларға, мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайларындағы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға, бала тууына, бір жарым жасқа дейінгі күтімге, мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар мен қамқоршыларға, "Күміс алқа", "Алтын алқа" иегерлеріне және көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларға, І топтағы мүгедектерге күтім жасайтындарға төленетін жәрдемақыға, сондай-ақ зейнеткерлер мен әлеуметтік төлем алушыларды жерлеуге арналған төлемдерге қатысты болады.
09 шілде 2025 ж. 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930