» » СУ АЙДЫНДАРЫ САЛҒЫРТТЫҚТЫ КЕШІРМЕЙДІ

СУ АЙДЫНДАРЫ САЛҒЫРТТЫҚТЫ КЕШІРМЕЙДІ


Жыл сайын облыстың су айдындарында, әсіресе, Сырдария өзенінде азаматтардың әртүрлі себептермен қайғылы жағдайларға ұшырауы, оның ішінде жаз айларында суға түсу маусымында судағы адам қазасы өзекті мәселе болып отыр. Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуынан,- дейді мамандар. Аймақтағы жағдайға қатысты ақпараттарды Қызылорда облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Жандос Жүгінісов айтып берді.

- Облыс аумағында 7 жағажай ресми түрде бекітілген. Облыс тұрғындары мен қонақтарының жаз мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖ Департамент бастығының бұйрығы негізінде күнделікті тәулік бойы жауапты сала мамандарын тарта отырып рейдтік жұмыстар ұйымдастырылуда. Облыс аумағындағы су айдындарында жыл басынан 559 рейдтік жұмыс жүргізіліп, 29 585 тұрғынға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді және үнпарақтар таратылды. Сондай-ақ аталмыш профилактикалық жұмыстарға 301 ерікті қатыстырылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы — «Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау» бойынша 23 азаматқа, оның ішінде балаларын қараусыз қалдырған ата-аналарға әкімшілік хаттама толтырылып, оларға айыппұл салынды. Алдағы уақытта атқарылып жатқан жұмыстар жалғасатын болады,- деді Жандос Шайымұлы.

03 шілде 2025 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 808
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 529

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930