» » ОБЛЫС ӘКІМІ «САУТС ОЙЛ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ОБЛЫС ӘКІМІ «САУТС ОЙЛ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ


Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев “Саутс ойл” мұнай компаниясының басшысы Серікжан Сейтжановпен кездесті.
Кездесуде бірлесіп атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар сөз болды.
“Күн сайын жаңарып, жасарған Сыр өңірінің жаңа келбетіне көрік берген музыкалық колледждің жаңа ғимаратын салуға демеушілік жасап, қолдау көрсеткеніңіз үшін барша Сыр жұртшылығының, өзімнің атымнан шынайы ризашылығымды білдіремін.
Ел игілігі жолындағы барлық бастамаңызға сәттілік тілеймін.
Алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс атқарамыз деп сенемін”,- деді Н.Нәлібаев.
Сол жағалаудан жаңадан ашылған музыкалық колледждің ғимаратында студенттерге барлық жағдай жасалған.
Үлкен концерт, би залдары, хор бөлмесі бар. Кең музыкалық пәндік кабинеттер жаңа заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған.
Барлық материалдық-техникалық базасы заман талабына сай келетін 200 орындық жатақхана шалғай елді мекендерден келген жас өрендерді қабылдауға дайын.
Мемлекет басшысының «Туған жерді бірге түлетейік!» үндеуі аясында кәсіпкер-меценаттар, қоғамдық қорлар бастамаларға белсенді араласып, Сыр өңірін көркейтуге өз үлестерін қосуда.
Бүгінде аймағымызда демеушілікпен 55 млрд. теңгеден астам қаржыға жаңа жобалар жүзеге асуда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

09 маусым 2025 ж. 197 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930