» » Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 9 маусымда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік- шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматыда күндіз найзағай күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында түнде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталды.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
09 маусым 2025 ж. 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930