» » БОЛАТБЕК ҚУАНДЫҚОВҚА «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

БОЛАТБЕК ҚУАНДЫҚОВҚА «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ


Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен жиын өтіп, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Сыр өңірінің перзенті, жерлесіміз, 2008-2013 жылдары Қызылорда облысының әкімі қызметін абыроймен атқарған Болатбек Баянұлы Қуандықовқа «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағы табысталып, сый-құрмет көрсетілді.
Басқосуға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Ергешбаев, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Мұрат Бақтиярұлы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ел ағалары, Болатбек Баянұлының әріптестері қатысты.
Аймақ басшысы Болатбек Қуандықовтың Сыр елінің дамуына мол үлес қосқанынын атап өтіп, ізгі тілегін жеткізді.
«Біз адал қызмет атқарып, саналы ғұмырын аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына арнаған, елдің қошеметіне бөленген азаматтарды ардақтап, лайықты құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырдық.
Құрметті Болатбек Баянұлы, туған жерге қош келдіңіз!
Сіз Сыр өңірін басқарған кезеңде облыстың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асты. Болатбек Баянұлы аймақтың өзекті мәселелерін батыл көтеріп, Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қордаланған проблемаларын шешуге, инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін жаңартуға ықпал етті. 100-ден астам білім беру, 60-тан астам денсаулық сақтау мекемесі бой көтерді. Облыс орталығы Қызылорда қаласын газдандыру жобасы толығымен аяқталды. 1000 шақырымнан астам жолдар орташа, күрделі жөндеуден өтті. 2010 жылы 11,2 млн тонна мұнай өндіріліп, өңір тарихындағы "қара алтын" өндірісінің шарықтау шегі ретінде есте қалды. «Ғасырдың ғаламат жобасы» атанған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Аралдың солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасының 1-кезеңі жүзеге асты.
Құрметті Болатбек Баянұлы, өзіңізбен қызметтес болған кезеңде аймағымыздың өсіп-өркендеуі жолында қоян-қолтық жұмыс жасап, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бірге үлес қостық.
Халқымыз сіздің елеулі еңбегіңіз бен табысты жұмысыңызды жақсы біледі, ерекше құрметтейді. Өзіңіздің өрелі істеріңіз кейінгі ұрпаққа әрдайым өнеге болып қала береді! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз!», - деді Н.Нәлібаев.
Кездесуде ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, профессор Бақберген Досманбетов, қоғам қайраткерлері Дайрабай Ысқақов, Нажмадин Мұсабаев, Рзақұл Нұртаев, Мұрат Бақтиярұлы, Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев, мәдениет саласының ардагері Алма Бақтиярова Болатбек Қуандықовқа құттықтауларын жеткізді.
Болатбек Баянұлы көрсетілген құрметке ризашылығын, туған жердің қарыштай беруіне тілектестігін білдірді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

07 маусым 2025 ж. 95 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930