» » 1 маусымнан бастап қысқы дөңгелекпен жүрген көлік иелеріне айыппұл салынады

1 маусымнан бастап қысқы дөңгелекпен жүрген көлік иелеріне айыппұл салынады

Жаздың алғашқы күнінен, 1 маусымнан бастап Қазақстанда көліктердің қысқы дөңгелекпен жүруіне тыйым салынады. Бұл талапты орындамаған автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 5-тармағына сәйкес, техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралын басқарғаны үшін көлік иесіне 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады. Ал жыл ішінде бұл құқықбұзушылық қайталанған жағдайда 20 АЕК айыппұл қарастырылған.
Нормативтік құжаттарға сәйкес, жазғы маусым тек үш айды – маусым, шілде және тамызды қамтиды. Осы кезеңде көлік құралдарында қысқы немесе тікенді шиналарды пайдалануға тыйым салынады. Полиция қызметкерлері осы талапты бұзғандарды жазалау құқығына ие.
Сонымен қатар, "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентте шиналарға қойылатын нақты талаптар белгіленген:
  • Қысқы маусымда жазғы резеңке пайдалануға болмайды;
  • Жазда тікенді немесе қысқы шиналармен жүруге тыйым салынады;
  • Жазғы шиналардың протекторының қалдық тереңдігі кемінде 1,6 мм болуы тиіс.
Жолдағы қауіпсіздікті сақтау және әкімшілік жауапкершілікке тартылмау үшін автокөлік иелеріне дәл қазір қысқы шиналарды жазғысына ауыстыру ұсынылады. Қауіпсіздік тек айыппұлдан емес, өзіңіз бен жолаушылардың амандығынан басталады.
01 маусым 2025 ж. 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930