» » Қазақстанда мұнай-газ химиясы саласындағы ірі жобалар іске асырылуда

Қазақстанда мұнай-газ химиясы саласындағы ірі жобалар іске асырылуда

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мұнай-газ химиясы саласында жалпы құны 15 миллиард АҚШ долларынан асатын бірқатар ірі жобалар іске асырылып жатқанын хабарлайды. Бұл жобалар еліміздің индустриялық-инновациялық дамуына серпін беріп, жаңа өндірістерді жолға қоюға, сондай-ақ ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді.
Аталған жобалардың бірі – 2022 жылы пайдалануға берілген жылдық қуаты 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт (ЖШС «KPI»). 2024 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын шамамен 250 мың тонна өнім өндірді. Бұл жоба еліміздің импортқа тәуелділігін азайтып, экспорттық әлеуетін арттыру жолындағы маңызды қадам саналады.
Қазіргі уақытта стратегиялық маңызы жоғары тағы бір жоба – жылына 1,25 миллион тонна полиэтилен өндіретін зауыт – іске асырудың белсенді кезеңінде. Жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, бастапқы құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, бутадиен, карбамид, полиэтилентерефталат және алкилат өндіруге арналған өзге де жобалар дайындықтың әртүрлі сатысында пысықталуда.
Энергетика министрлігінің бағалауынша, көрсетілген жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 3,5 мың тұрақты және 16 мың уақытша жұмыс орны ашылады. Бұл өз кезегінде өңірлік экономиканың дамуына және халықты жұмыспен қамту деңгейінің артуына елеулі үлес қосады.
17 мамыр 2025 ж. 338 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 083
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 741

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031