» » ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ


Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезектен тыс отырысы ұйымдастырылды.

Жиынға "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Еркін Рзалиев, партия филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, Төретам кентінің әкімі Ғалымжан Елеусінов, Ақай ауылдық округінің әкімі Эльмира Қазиева, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қатысты.

Бірінші кезекте, отырыс барысында көшелер мен үйлер аумағындағы жиналған қардың еруі салдарынан, тұрғындардың үйлеріне су кіргені туралы мәселе қаралды.

Төретам кентінің әкімі Ғ.Елеусінов еріген қар сулары Төретам кентінің жолдары мен тұрғын үй алаңдарына тола бастады. Дер кезінде жұмылдырылған адам мен техниканың арқасында суға тосқауыл қойылды деп атап өтті.

"Жұмыстың басы-қасында мекеме басшылары, қызметкерлері, ауыл азаматтары және еріктілер болды.
Жәрімбет би көшесінің аялдама айналасын, Б.Момышұлы көшесінің басталар тұсы, А.Байтұрсынұлы көшесі, М.Мәметова көшесі, Мұсабаев көшесі, Бәйсейтова көшесі, Омаров көшесі, Жақаев көшесінде орын алған жағдаймен күресу үшін 3 арнайы су тарту техникасы мен 20 адам шықты", - деді Ғ.Елеусінов.

Өз кезегінде Ақай ауылдық округінің әкімі Э.Қазиева бірлескен жұмыстың нәтижесінде судың жайылуы бөгеліп, қауіп сейілді. Атқарылған жұмыстың арқасында көшелерден және үй алаңдарынан су тартылып, қоршаулары құммен бөгеліп, күшейтілді деп баяндады.

Сондай-ақ жиынға қатысушылар мен комиссия мүшелерінің қойылған сұрақтарына жауаптар беріліп, қазіргі таңда, жайылған суды арнайы техникамен сору, тұрғын үйлердің аумағын құммен бөгеу жұмыстарының жүргізілгендігі туралы айтылды.
11 наурыз 2025 ж. 375 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930