» » Қармақшы ауданы әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Қармақшы ауданы әкімі азаматтарды жеке қабылдады


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады.

Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй, әлеуметтік қолдау, тұрақты жұмыспен қамту және қоғамдық мәселелер бойынша өз өтініштерін білдірді.

Тұрғындардың өтініштерін назарға алған аудан әкімі заң шеңберінде тиісті шаралар қабылданатынын айтып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Әлеуметтік және экономикалық мәселелердің шешілуін қатаң бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, жеке қабылдау барысында көтерілген әрбір мәселе жергілікті атқарушы органдар тарапынан жан-жақты қарастырылып, олардың оңтайлы шешілуіне ықпал ету басты міндет екенін атап өтті.

Аудан тұрғындары аудан әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish базасы арқылы немесе әкімдікке жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

21 ақпан 2025 ж. 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 249
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 794

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930