» » Несиені уақытында төлей алмасаңыз не істеу керек

Несиені уақытында төлей алмасаңыз не істеу керек

Кез келген адамның өмірінде қаржылық қиындықтар болуы мүмкін. Сондықтан несиені уақытында төлей алмасаңыз, қандай қадамдар жасау керектігін білу маңызды. Мұндай жағдайда қарызды қайта құрылымдау – яғни, несие шартының талаптарын өзгерту қаржылық жүктемені жеңілдетудің бір жолы, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
Қай кезде қайта несиені құрылымдауға болады?
Егер қарыз алушының қаржылық қиындықтарға тап болуына төмендегідей объективті себептер ықпал етсе, банк қайта құрылымдау туралы өтінішті қарастыра алады:
  • табысы азайып немесе жұмыссыз қалу;
  • ауыр сырқат немесе мүгедектік;
  • декреттік демалыс;
  • әскери қызметке шақыру;
  • форс-мажорлық жағдайлар (өрт, мүліктің ұрлануы және т.б.).
Неғұрлым ертерек банкке жүгінсеңіз, соғұрлым айыппұлдардан, несие тарихының нашарлауынан және қаражатты сот арқылы өндіріп алудан аулақ болу мүмкіндігі жоғары.
Өтініш қалай беруге болады?
Қарызды қайта құрылымдау туралы өтінішпен төлем кешіктірілген күннен кейін 30 күн ішінде банкке жүгініңіз. Өтініште қаржылық қиындықтардың себебін көрсетіп, растайтын құжаттарды (табыс туралы анықтама, медициналық қорытындылар және т.б.) тіркеңіз. Банк өтінішті 15 күнтізбелік күн ішінде қарастырып, шешімдер ұсынады.
Несиені қайта құрылымдау жолдары қандай?
Банктер келесі шешімдерді ұсына алады:
Несиенің мерзімін ұзарту – ай сайынғы төлемді азайтады, бірақ артық төлем сомасын көбейтеді.
Пайыздық мөлшерлемені төмендету – бұл Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені төмендеткен жағдайда іске асырылуы мүмкін.
Төлемдерді кейінге қалдыру – белгілі бір уақытқа төлемнен босатады, бірақ пайыздар есептеле береді.
Айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару – банк оларды ішінара кешіруі мүмкін.
Қайтару тәртібін өзгерту – негізгі қарызды өтеуге басымдық беру.
Банк бас тартқан жағдайда не істеу керек?
Егер банк қайта құрылымдауға рұқсат бермесе, сіз:
  • банк омбудсманына жүгіне аласыз;
  • заңгерден кеңес ала аласыз;
  • қайта қаржыландыру мүмкіндігін қарастыра аласыз – яғни, бұрынғы
  • несиені өтеу үшін тиімді шарттармен жаңа несие алу.
Бастысы – мәселені назардан тыс қалдырмау керек. Банкке уақытында жүгіну қаржылық қиындықтарды алдын алуға және қаржылық тұрақтылығыңызды сақтауға көмектеседі.
09 ақпан 2025 ж. 298 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930