» » ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАЛАРЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР САПАСЫН АРТТЫРУҒА ОҢ ЫҚПАЛ ЕТТІ

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАЛАРЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР САПАСЫН АРТТЫРУҒА ОҢ ЫҚПАЛ ЕТТІ


Аймақта экономиканың өсімін қамтамасыз етумен қатар, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше басымдық берілуде. Өңір тұрғындарының сапалы ауыз су пайдалану көрсеткіші – 98,6 пайыз. Биыл барлық елді мекенге сапалы ауыз су 100 пайыз жеткізіледі. Газбен қамту деңгейі 78 пайыз, алдағы меже – 83 пайызға дейін арттыру.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.

Жылумен қамту нысандары мен желілерін жаңғыртуға былтыр 12 млрд. теңге қаржы бөлініп, дайындық жұмыстары уақытылы жүргізілді. Соның арқасында жылу беру маусымы штаттық режимде өтуде.

Жол инфрақұрылымына қатысты да оң өзгерістер бар. Өңірдегі жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайызға жетті, биыл тағы 329 шақырым жол жөнделіп, бұл көрсеткіш 95 пайыздан асады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы салынып, іске қосылды. Сонымен қатар, заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты пайдалануға беріліп, теміржол вокзалы қайта жаңғыртылды. Қоғамдық көлік мәселесі де толық шешілді, оған қоса 100 электромобиль тұрғындарға экотакси қызметін көрсетуде.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

29 қаңтар 2025 ж. 84 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031