» » Рахат Құрманбаев: “500 ғалым” жобасы Қазақстан ғылымының болашағына тың серпін береді

Рахат Құрманбаев: “500 ғалым” жобасы Қазақстан ғылымының болашағына тың серпін береді

Бүгінде ғылым мен білімнің дамуына, халықаралық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ елімізде жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізуге ерекше көңіл бөлінуде. Соның бірі - Болашақ бағдарламасы шеңберіндегі “ 500 ғалым” жобасы.

Бұл жоба қазақстандық ғалымдардың өз салаларында жаңа бағыттарды меңгеріп, халықаралық тәжірибені қолдануына, сондай-ақ Қазақстанның ғылыми ортасын жаңартып, зерттеу жұмыстарын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Былтыр жоба аясында Қазақстанның ғылыми әлеуетін арттыруға және әлемнің жетекші университетінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік алып, АҚШ-тың Иллинойс (UIUC) университетінде ғылыми тағылымдамадан өттім. UIUC әлемдегі ең үздік 50 университеттің қатарына кіреді. Әсіресе жаратылыстану, инженерия, информатика және бизнес саласындағы білім, ғылым, өндірістік бағдарламаларымен танымал. Осы ретте, өз саламда шетелдік ғалымдардың жеке дәрістеріне, тілдік дағдыларды арттыру мақсатында әртүрлі семинарлар мен академиялық іс-шараларына қатысу арқылы кәсіби білімімді шыңдадым.

Америка Құрама Штаттары білім беруге ерекше көңіл бөледі. Ғылым мен білім саласындағы әлемдегі озық әрі жетекші оқу орындары да осы елде орналасқан. Тағлымдама барысында білім беру жүйесінің тиімділігі мен сапасын арттыру үшін үздік басқару әдістері мен стратегияларды қолдануды үйрендім.

Шетелден келген кейін жаңа ғылыми жобаларды қолға алудамын. Тағылымдама кезінде байланыс орнатқан ғалымдардың қатысуымен экология саласында зерттеу тәжірибесін дамытып, жаңа жобалар ашуды жоспарлап отырмыз. Жаңа білімім мен тәжірибемді университеттің дамуына, білім алушылар мен жас әріптестерге үйретіп, заман талабына сай білім беру үшін қолданғым келеді.

20 қаңтар 2025 ж. 265 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 426
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 232

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930