» » Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті

1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрлері және базалық зейнетақы төлемі Ұлттық банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес көтерілді. Жаңа жылдан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8,5 пайызға артты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаменті зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Салтанат Дүйсенбай мәлімдеді.
Жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс мөлшері 203 060 теңгеден 216 260 теңгеге көбейтіледі.
«Бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайын берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдері де өсті. Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшері бұған дейін 140296 теңгені құраса, жаңа жылдан бастап 149416 теңгеге өсетін болады. Ал төрт және одан да көп бала туылғанда 232596 теңгеден 247716 теңгеге артады. Бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері тууы кезектілігіне байланысты 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірінші балаға 22649 теңге, екінші балаға - 26777 теңге, үшінші балаға - 30867 теңге, төртінші және одан да көп бала туылғанда 34995 теңгені құрайды», - деді Салтанат Жолдыбайқызы.
07 қаңтар 2025 ж. 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 219

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930