» » 2025 жылы елімізде көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы қаншалықты өседі

2025 жылы елімізде көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы қаншалықты өседі

Фото: Александр Рюмин/ТАСС
Қазақстанда көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақының ең төменгі мөлшері – 59 183 теңге. Дегенмен қаңтардан бастап барлық зейнетақы мен жәрдемақы көлемі жыл сайынғы инфляция деңгейі бойынша индекстеледі. Олай болса 2025 жылы көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі? Stan.kz тілшісі шолу жасап көрді.
Вице-премьер Нұрлан Байбазаров 2025 жылы көпбалалы отбасыларға төленетін барлық мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 6,5%-ға индекстелетінін жеткізді. Айтуынша, балалы отбасыларға арналған жәрдемақыларды төлеуге 2025 жылға арналған республикалық бюджетте 875,1 миллиард теңге қарастырылған.
Елімізде көп балалы отбасылар санатына кемінде төрт баласы барлар жатады. Жәрдемақы 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері барларға да ескеріліп беріледі.  
Дегенмен жәрдемақы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) пен балалар санына байланысты тағайындалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше 2024 жылы: 4 балалы отбасыға – 59 183 теңге, 5 балалы отбасыға – 73 988 теңге берілген. Ал 6 баласы бар отбасыға – 88 793 теңге, 7 балалыларға  103 598 теңге төленген. 8 және одан да көп бала болса, оларға 4 АЕК-тен яғни әр балаға 14 768 теңгеден бөлініп отыр. Бұл биылғы жылдың көрсеткіші. 
Келер жылы көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы 63 030 теңгеден басталады
Келер жылы АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 3 932 теңгені құрайтындықтан жәрдемақы көлемі де артады. Осыған орай 2025 жылы мұндай жәрдемақы:
  • 4 баласы бар отбасылар үшін жәрдемақы мөлшері 16,03 АЕК – 63 029,96 теңге;
  • 5 баласы бар отбасылар үшін 20,04 АЕК – 78 797,28 теңге;
  • 6 баласы бар отбасылар үшін 24,05 АЕК – 94 564,6 теңге;
  • 7 баласы бар отбасылар үшін 28,06 АЕК – 110 331,92 теңге;
  • 8 және одан да көп балалардан – әр балаға 4 АЕК (15728 теңге) 
Алты және одан да көп баланы дүниеге әкелген аналар "Алтын алқа" және "Күміс алқа" белгісімен марапатталады. Оларға ай сайын сәйкесінше 7,4 АЕК, яғни 29 096,8 теңге және 6,4 АЕК, яғни 25 164,8 теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биыл мұндай жәрдемақыға 389,8 миллиард теңге бөлінсе, келер жылы 474 миллиард теңге бөлінетінін жеткізді.
Бұған дейін министрлік төрт баладан бастап кез келген отбасы көп балаға байланысты жәрдемақыны ала алады. Яғни, бала асырап алғанда да немесе ажырасып басқа жанмен екінші рет некеге тұрғанда да екі жақтың балалры қоса есептеледі. 
Көпбалалы аналарға 2025 жылы бір жолғы төленетін жәрдемақы мөлшері қанша?
 
  • Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда берілетін бір жолғы жәрдемақының мөлшері (38-АЕК) – 149 416 теңге;
  • Төрт және одан да көп бала туылғанда (63 АЕК) 247 716 теңгеге артады.
Ал, бала 1,5 жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері тууы кезектілігіне байланысты:
  • бірінші балаға -22 649 теңге;
  • екінші балаға - 26 777 теңге;
  • үшінші балаға - 30 867 теңге;
  • төртінші және одан да көп бала туылғанда 34 995 теңгені құрайды.
Жаңа жылдан бастап "Күміс алқамен" марапатталған аналардың ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақысының мөлшері  25 165 теңгені, ал, "Алтын алқамен" марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 29 097 теңгені құрайды.
2025 жылдан бастап:
Базалық зейнетақы төлемі – 6,5 пайызға (еңбек өтіліне байланысты ол өмір сүру минимумының 70-тен 110 пайызына дейін болады):
ең төменгі мөлшері – 32 360 теңге (айлық минимумның 70 пайызы);
ең жоғары сома – 50 851 теңге (айлық минимумның 110 пайызы).
Базалық және бірлескен төлемдерді ескере отырып, зейнетақының жалпы мөлшері:
зейнетақының ең төменгі мөлшері – 95 131 теңге;
зейнетақының ең жоғары мөлшері – 213 046 теңге;
Еске салсақ, 2025 жылы айыппұлдар, утильдік алым мөлшері мен автокөлікті тіркеу бағасы қаншалықты өсетінін хабарлаған едік.
25 желтоқсан 2024 ж. 173 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031