» » 2025 жыл байлық, білім жылы: нумеролог болжам жасады

2025 жыл байлық, білім жылы: нумеролог болжам жасады

2025 жылы қандай жыл болады? Елімізде және әлемде қандай өзгерістер болуы мүмкін. Нумеролог Құралай Бақытқызымен сұхбаттасқан едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-Жаңа жылда қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр?
Жыл санын қосатын болсақ, барлығы 9 санын көрсетіп тұр. Қытай жұлдызнамасы бойынша жылан және ағаш жылы кіріп жатыр. 9 саны бізде даналық, оқу, білім, даму жылы. Көп адамның біліктілігі артатын, көп адам өздерінің миссиясын табатын, дамитын жыл. Шет тілін және өзіміздің тілді қолға алатын жыл. Үкімет тарапынан осыған қатысты жобалар шығуы мүмкін. 9 сандардың ең үлкені. Рухани баю, прогресс жылы. Биыл 8 саны болса көп адам материалдық жағдайға басымдық қойды. Ал 9-да рухани дамуға ден қояды. Адамдар тарапынан қайырымдылық көбеюі мүмкін. Ағаш, жылан жылы стихиясына келер болсақ, жыл баяу өтеді. Биылғы жылды да солай жорамалдаған едік. Дәл келді. Уақыт ауысты. Келесі жылы да осы қалады деп ойлаймын. 2026 жылы от стихиясы кіреді. Ол өте шапшаң, жылдам. Ал 2025 жыл баяу, асықпай, бірсарынды өтетін жыл деп ойлаймын.
- Әлемде қандай жаңалықтар болады?
Ағаш стихиясының бағыты – Шығыс. Өткен жылы көп адам Қытаймен сауда-саттық жасады. 2025 жылда осы шығыс елдері қалады. Биыл Қытай масштабты түрде машиналарын шығарды. Олар әлі де әлемдік нарықта алғашқы орында болады. Қазақстандықтарға сауда, бизнес жылы. Қытаймен жұмыс істейтін болса, сол адам байиды. Екінші жыл мүмкіндікті пайдаланып қалу керек. Президент те жағдай жасады. Келесі жылы соның жемісі болады деп ойлаймын. Одан бөлек, Жапонияда чиптеу дамиды. 2026 жылы ЖИ өте қарқынды түрде прогресс алып келетін жыл. 2025 жылы соған қадамдар жасалады. Дегенмен жаңа жыл консервативті жыл. 2025 жылы мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы өсуі мүмкін. Сондай-ақ жаңа 2025 жылда жасыл энергетикаға көңіл бөлінеді. Жыл тыныш, жанға жайлы өтеді. Биыл ағаш жылы болғандықтан, көктем энергиясы сияқты кіреді. Қыс жылы болады, көктем ерте шығады. Су апатынан ескертулер бар. Үкімет ертерек қамдануы керек.
- Жаңа жылды жасыл түспен қарсы алған дұрыс?
Сондай-ақ жылтыр және сарыға жақын түстер болады. Бұл жылы адамдар жылтыр түсті киімдер мен әдемі зергерлік және әшекей бұйымдарды тағу керек. Дастарханда жасыл түстің көп болғаны жақсы. Салаттар мен көкөністі көбірек қойған дұрыс. Жыл жалпы байлық жылы болмақ.
- Өмірлік мақсат пен миссияны анықтау үшін 2025 жылы қандай сандарға мән беру керек?
Жалпы бұл жерде адамдардың миссиясын табуға сандар қатты көмектеспейді. Адамның ойы көмектеседі. 2025 жылы Алла өзі бақ береді. Кейбір жылдары соған бетімізді бұрады. Мысалы карантинде «медицина жылы» дедік. Адамдар денсаулығына мән бере бастады. Биылғы жылы адамдар қаласын, қаламасын белгілі бір баптауға түседі. Яғни адамдар өзінің нишасы мен миссиясын іздей бастайды. Өмірдегі басты міндет адам өз миссиясын орындау. Сондықтан көп адам жүрегін тыңдайды деп ойлаймын. Сондай-ақ дисциплинаға көп нәрсе байланысты. Кімнің жылы 0-мен аяқталады соларға табысты болады. Кімнің жылы 5-ке аяқталады биылғы жыл сияқты өздерінің стихиялары кіреді соларға бақытты жыл болмақ. Жеке өмірінде де, жұмыста да табысқа жетеді.
- Сұхбат бергеніңізге рахмет!
17 желтоқсан 2024 ж. 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 901

Сұхбат

Мәдениет

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031