» » Жемқорлықсыз болашақ - әр азаматтың үлесі

Жемқорлықсыз болашақ - әр азаматтың үлесі

«9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Жемқорлықсыз болашақ – әр азаматтың үлесі» атты облыстық форум өтті.

Аталған іс-шараға Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Қ.Ахметқалиев, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Р.Каюпов, мемлекеттік қызметкерлер, комплаенс-офицерлер, университет оқытушылары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қалыптасқан парасатты қоғам құру мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін форумды Департамент басшысы Ахметқалиев Қуаныш Жұмағалиұлы ашып, әрі қарай патриоттық әнге ұласты.

Форум барысында Республикалық «Саналы ұрпақ» слеті, жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары және облыстық сурет байқауының қатысушысы өз өнерлерін көрсетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысында белсенділік танытқан бірқатар белсенді азаматтар, волонтерлер департамент басшысының алғыс хатымен және өңір тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы үздік мақала байқауының жеңімпаздары қоғамдық даму басқармасы басшысының дипломдарымен марапатталды.

Шара соңы жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертімен жалғасты.

10 желтоқсан 2024 ж. 417 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 884
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 542

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930