» » 3 ЖЕЛТОҚСАН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТЕР КҮНІ

3 ЖЕЛТОҚСАН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТЕР КҮНІ


Халықаралық мүгедектер күні - ең алдымен ерекше жандардың түйткілді мәселелеріне қоғам назарын аударуға, оларды әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени өмірге қатыстыруға, мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Соңғы жылдары мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, оларды медициналық-әлеуметтік қорғауға айтарлықтай көңіл бөлінуде. Аймақта 33764 мүгедектігі бар адамдар тіркелген, оның 6663-і 18 жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ибраева мәлімдеді.

- Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 31142 адам оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді. Биыл алғаш рет облыс бойынша барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балалардың әрқайсысына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, былтыр арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы базасында іске қосылған «Үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда, - деді Айгүл Болатқызы.

“Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы” қоғамдық бірлестігі 2024 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде мүгедектігі бар адамдар мен балаларды әлеуметтік қолдауға арналған әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар жүзеге асыруда.

- Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен балалардың қатысуымен спорт жарыстары, байқаулар, кино, музей, театр әлеміне, тарихи орындарға саяхат жасау шаралары ұйымдастырылуда.
Оның бірі, кеше А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде 3 желтоқсан - халықаралық мүгедектер күніне орай өткен шараға облыстың барлық аудандары, Қызылорда, Байқоңыр қалаларынан өкілдер келіп, 2024 жыл көлемінде жетістікке жеткен ерекше адамдар түрлі номинациялармен марапатталып, оларға естелік сыйлықтар табысталды, - деді қоғамдық бірлестіктің төрағасы Сағатбек Сиюов.


03 желтоқсан 2024 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 539

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 609

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031