» » Биыл облыстағы вегетациялық кезең сәтті өтті

Биыл облыстағы вегетациялық кезең сәтті өтті

Биыл облыс бойынша ветегациялық кезең сәтті өтті. Сырдария өзенінің сулылығы болжамына сәйкес Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы тұрақты суаруға 3,7 млрд метр куб су пайдалану лимитін белгілеген. Осыған байланысты филиал 965 су пайдаланушылармен 127,1 мың гектар егіс алқабына 3,04 млрд метр куб су көлемін жеткізіп беруге келісім-шарт жасалған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында “Қазсушар” РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Айдос Асанбаев айтты.
- Биыл біздің облыс шаруалары су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде 200 млн текше метрге жуық суды үнемдеді. Бұл су Арал теңізіне жіберілді. Айта кетейін, осы жылы өңірдің дихандары 55 мың гектар күріш алқабына лазерлік тегістеу жұмыстарын жүргізді. Облыс бойынша күріш алқабының жалпы ауданы 84 мың гектарды құрады. Осылайша, биылғы жылғы суару маусымында теңізге шамамен 1 млрд текше метр су жіберілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп болып отыр. Вегетациялық кезеңде Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына вегетациялық кезеңде жоспар бойынша келетін су көлемі 500-550 м³/с болып белгіленсе, нақты 600-650 м³/с-қа дейін су түсті. Сонымен қатар, суару маусымы аяқталғаннан кейін, су тасқынын өткізуге дайындық үшін пайдалану ережелеріне сәйкес, 24-28 қазан аралығында барлық гидротехникалық құрылыстардың шандорлары кезең-кезеңімен көтеріліп, су қоймалары босатылып, қысқы жұмыс режиміне ауыстырылды. Су жеткізіп беру қызметін оңтайлы жүргізу және су шаруашылығы нысандарының қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін теңгерімдегі 120,6 шақырымды құрайтын 23 дана каналдарға механикалық тазарту, 49 дана гидротехникалық құрылымдарды ағымдағы жөндеуге және 26дана су өлшеу бекеттерін қалпына келтіру межелеген болатын,- деді Айдос Әлібекұлы.
Егістікке су алу кезеңіне дейін 73,4 шақырымды құрайтын 22 каналға механикалық тазарту жұмыстары жүргізіліп 605 мың м3 топырақ шығарылса, 19 дана гидротехникалық құрылымды ағымдағы жөндеу және қажеттілікке байланысты 31 дана су өлшеу бекеттерін қалпына келтіру жұмыстары толық орындалды.
09 қараша 2024 ж. 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031