» » «Face ID» жүйесін бала-бақша, жекеменшік мектептерге және артспортқа енгізу заман талабы!

«Face ID» жүйесін бала-бақша, жекеменшік мектептерге және артспортқа енгізу заман талабы!


Қымбатты достар!

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Заң жобасы өте қызу талқыға түсті. Талқылауда өз пікірімді ортаға салдым.

Пікірге түрткі болған мәселе - баланы емес, бизнесті ойлап, есепсіз кетіп жатырған қаржылар.

Дұрыс жұмыс істемейтін жеке балабақшаларға, мектеп пен артспортқа қаржы бөлуінде мәселе бар. Бұл дегеніміз олардың қыз­меті ашық емес екендігінде күмән келтіреді. Енді қызмет көрсету сапасын арттыра­тын кез келді.

Қызылорда облысының әкімі «Face ID» жүйесін енгізгелі бері 18 млрд.теңге қаражат үнемдеген. Бұны тек бір облыс енгізіп отыр. Қалған басқа облыстарды енгізсек 100-деген млрд. үнемдейміз. Неге ол қаражатты балдардың сапалы ілім мен білім алуына жұмсамаймыз?

Бізге ең басты мақсат баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз қажет. Қазір мемлекеттік органдар ғимараттардың кіре берісінде, қажет десеңіз үйдегі подъездерге «Face ID» жүйесі бар.

Не кедергі «Face ID» жүйесін бала-бақша, жекеменшік мектептерге және артспортқа енгізуге?

Яғни пікірім, жекеменшік балабақшасы не мектебі болсын жеке бол­ғандықтан «Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса» деген ұста­нымнан аулақ болуы қажет.

Ал білім мен тәрбие беру ісі - бизнес емес, елдің болашағы екенін қаперде ұстасақ екен.

06 қараша 2024 ж. 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 109
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 759

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031