1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Қазақстанда қарашада бірқатар өзгеріс болады. Massaget.kz тілшісі маңызды жаңалықтарға шолу жасады.
Электр энергиясының тарифі өседі
Энергетика министрінің бұйрығымен электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізілді.
2024 жылғы 1 қарашадан бастап тарифтер былай өседі:
бірінші топ (Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) - кВт/сағ үшін 8,05 теңгеден 8,27 теңгеге дейін;
екінші топ (Еуразиялық энергетикалық корпорация) - 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін;
тоғызыншы топ ("Астана-Энергия" АҚ) - 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;
12-топ ("Қазақстан алюминийі" АҚ) - 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;
18-топ ("Степногорск ЖЭО" ЖШС) - 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;
28-топ ("Жаңажолская ГТП" ЖШС) - 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;
39-топ ("З-Энергоорталық" АҚ) - 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;
48-топ (ТНК "Қазхром" АҚ) - 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін.
Сонымен қатар тізімге жаңа компаниялар қосылды, олардың тарифтері алғаш рет бекітілді:
кВт/сағ үшін 43,92 теңге тарифпен 56-топ;
56,63 теңге тарифпен 57-топ;
26,08 теңге тарифпен 58-топ;
22,56 теңге тарифпен 59-топ;
60-топ тарифі 3,07 теңге.
"Каспий" су тұщыту зауыты қуатын арттырады
"Каспий" су тұщыту зауыты қуатын арттырады. Бұл туралы "Каспий" су тұщыту зауыты" ЖШС директоры Серік Ғұсман мәлімдеді.

"Қабылданған бағдарлама шеңберінде зауыт өндірісті тәулігіне 20 мың текше метрден 40 мың текше метрге дейін ұлғайта отырып, жаңғыртудан өтіп жатыр. Биыл қарашада тәулігіне 40 мың текше метр су беру көрсеткішіне жетуді жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде, зауыт Ақтау қаласы, Қарақия және Мұнайлы аудандарының тұрғындарын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етеді", - деді бұған дейін ол.
ІІ тоқсан басталады
Мектеп оқушылары күзгі демалыстан шығып, 4 қарашада II тоқсан басталады. ІІ тоқсанда сегіз оқу аптасы бар, ал қысқы демалыс 10 күнге созылады. Яғни оқушылар ІІ тоқсаннан кейін 2024 жылғы 30 желтоқсаннан 2025 жылғы 8 қаңтарға дейін демалады.
Магистратура мен докторантураға құжат қабылдау басталады
28 қазанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау және докторантураға түсу емтихандарына құжат қабылдау басталады.
Тіркелу ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында өтеді. Кешенді тестілеуге тіркелу 2024 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады.
Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қарашада қазақстандықтар қалай демалады?
Қарашада Қазақстанда мемлекеттік немесе ұлттық мерекелер жоқ, сондықтан азаматтар демалыс күндері ғана демалады.
2024 жылғы қарашада аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар мына күндері демалады: 2, 3, 9, 10, 16, 17, 23, 24 және 30 қараша.
Алты күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері - тек жексенбі күндері: 3, 10, 17 және 24 қараша.
Қарашада қандай кәсіби мерекелер бар?
Қарашада мемлекеттік мерекелер жоқ, дегенмен кәсіби күндер бар:
5 қараша - Сыртқы барлау күні;
8 қараша - Статистика күні;
10 қараша - Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні;
15 қараша - Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлері күні;
16 қараша (қарашаның үшінші сенбісі) - Бұрғылаушылар күні;
17 қараша (қарашаның үшінші жексенбісі) - Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні;
18 қараша - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні.
Кәсіби мерекелерден бөлек, қарашада маңызды мереке бар:
15 қараша - Теңге күні.
Қарашада ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" қарашада бір ай бойы қатты жел, бұрқасын, көктайғақ және тұман күтілетінін болжады. Салқын ауа райы айдың екінші жартысында болжанады:
республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта -15-24°С дейін, күндіз -7-12°С дейін;
батыста және елдің оңтүстік жартысында түнде -3-15°С дейін, күндіз 0,-7°С дейін.
Суық күндердің орнына Орта Азия мен Жерорта теңізінен жылы ауа массалары келуі әсерінен күндіз жылынады:
республиканың көп бөлігінде +3+8°С дейін;
оңтүстік жартысында +8+15°С дейін.
Қарашада ауа температурасы республиканың басым бөлігінде норма шамасында, қиыр батыста – 1° нормадан жоғары, елдің оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда – 1° нормадан төмен болады деп күтіледі (Түркістан, Жетісу облысы, Шығыс Қазақстан, Абай облысында, Жамбыл және Алматы облыстарының оңтүстігінде).
Қарашада жауын-шашын мөлшері Қазақстан аумағының басым бөлігінде норма шамасында, солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жартысында нормадан көп (Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, Атырау және Ақтөбе облыстарының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының шығысында, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының қиыр солтүстігінде), елдің оңтүстік өңірлерінде нормадан аз болады (елдің оңтүстік жартысында және Қарағанды мен Ұлытау облысының қиыр оңтүстігінде).