» » Қор жеткізушілердің медициналық көмекті көрсету құқығын тексереді

Қор жеткізушілердің медициналық көмекті көрсету құқығын тексереді

Медициналық көмек көрсетуге үміткер медициналық ұйымдардың базасын жаңарту сатып алу науқаны басталғанға дейін жүргізіледі.Жыл сайын 1 қазаннан 31 қазанға дейін Қордың базасына жеткізуші ретінде енген денсаулық сақтау субъектілері веб-портал арқылы базадағы ақпараттарды жаңарту үшін өтінім береді.

Биыл Қор мамандары алғаш рет медициналық ұйымдардың деректер базасын жаңарту аясында медициналық ұйымдарды тексеруге кірісті. Алғашқы кезеңде облыс орталықтарында орналасқан медициналық нысандар тексеріледі.

Қор сарапшылары жұмыс барысында медициналық қызмет жеткізушілерінің өндірістік базаларын тексереді, олардың ішінде:
- медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар;
- халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету саласындағы рұқсат құжаттары;
- ионды сәулелену шығаратын құралдар мен құрылғылармен жұмыс істеуге лицензиялар (қажет болған жағдайда);
- есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларды айналымға енгізу саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар (қажет болған жағдайда);
- медициналық қызмет түрлері бойынша лицензияға қосымшалар, сондай-ақ қажетті инфрақұрылымның (қарау кабинеті, екпе кабинеті және т.б.) болуы;
- қызмет көрсету үшін қажетті жабдықтардың болуы, стационардағы төсектердің санының денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қорытындысына сәйкестігі;
- дәріханалар мен есірткі заттарын сақтау бөлмелері нормативтік құқықтық акт талаптарына сәйкес болуы.

Медициналық көмек көрсету түрлері немесе шарттары бойынша базалық деректерді қосу немесе жаңарту үшін өтініш берген медициналық ұйымдарды тексеру нәтижесінде Қор деректерді жаңартады, ал сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, жеткізушіге бұзушылықтарды көрсететін қорытынды жібереді.

Медициналық ұйымдар өз кезегінде бұзушылықтарды жоюға құқылы және деректер базасын жаңарту үшін өтінішті қайтадан береді. Анықталған бұзушылықтар бойынша материалдар медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органға әкімшілік шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
21 қазан 2024 ж. 189 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 388
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930