» » Мыңнан астам оқушы бар мектепте стоматология кабинеті ашылады

Мыңнан астам оқушы бар мектепте стоматология кабинеті ашылады

Мектептерде стоматология кабинеті ашылады. Басты талап – білім ордасында 1000-нан астам оқушыдан кем болмауы тиіс. Бастаманы Денсаулық сақтау мен Оқу-ағарту министрлігі ұсынып отыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 
Елдегі алты облыста 98 стоматология кабинеті бар екен. Мамандар мектеп жасындағы балалар тіс гигиенасына жүрдім-бардым қарайды дейді.
Сондықтан ауыз қуысы патологиясы ауруларын ерте анықтау, тісті бүтін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Кабинеттер ашылған соң, бастауыштан бастап оқушылардың тістері кезең-кезеңімен тексеріледі. Қос министрлік осы ретте балалардың ас-ауқатына да көңіл бөлмекші.
Себебі шағын кәсіпкерлерді тексеруге мораторий жарияланғандықтан, соңғы жылдары мектеп асханасына тендер ұтып алған компанияларға тіс батыруға құзырлылардың дәті бармаған.
Енді жағдай өзгеріп, жауапты сала басшылары астың құнарлы, бойға жұғымды болуын қадағалаймыз деп сендіріп отыр. 
"Баланың ең алғашқы тістеріне селқос қарау дұрыс емес. Біз бұл кабинетте тісжегінің алғашқы түрін анықтап, емдеп, бітеп бере аламыз. Ал егер асқынған жағдайда тиісті маманға жібереміз. Тісті дер кезінде емдемегендіктен, көп жасөспірімнің тісі қисық өсіп жатыр", – дейді ҚР ДСМ штаттан тыс бас тіс дәрігері Сәуле Есембаева.

13 қазан 2024 ж. 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031