» » «Эко такси» таза экологиялық жоба

«Эко такси» таза экологиялық жоба


Қызылорда тұрғындарына экологиялық таза «Эко такси» қызметі іске қосылды. Экотаксилер электр қуатымен жұмыс істейді. Толық зарядтау шамамен 500 шақырымға жетеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте Қызылорда «Автобус паркі» ЖШС директоры Абдуқадыр Маштаев баяндады.
Қазіргі таңда 52 экотакси азаматтарға өз қызметін көрсетуде. Жобаның басты мақсаты «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында санитарлық тазалық жұмыстарымен қатар, экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жаңаша жобаларды жүзеге асыру.
- Алдағы уақытта олардың саны 100-ге жетеді. Біздің қаламызда осындай такси пайда болғанына өте қуаныштымыз. Өйткені, бұл экологиялық таза, үнемді және қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейтін жайлы көлік. Бұл қала экологиясына оң әсерін тигізері сөзсіз», – дейді Қызылорда автобус паркінің директоры Абдуқадыр Маштаев.
Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 548 299-дан астам облыс тұрғыны қатысты. 21360 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаң мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 1130 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, 294 су айдындары, 47451 аулалар мен көшелер тазартылды. 548-ге жуық арнайы техника қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

10 қазан 2024 ж. 73 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 255

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 355

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930