» » Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанның 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі жоғары, облыстың шығысында да өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының оңтүстік-шығысынан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, күндіз екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні секундына 15 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде, оңтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың орталығында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.
Шымкентте түннің бірінші жартысында найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.
01 қазан 2024 ж. 93 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 458
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31