» » Жаңа бастама – жаңа мүмкіндіктер алаңы

Жаңа бастама – жаңа мүмкіндіктер алаңы

Жақында ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» тақырыбында Жолдауын жариялады.
Құжат негізгі 9 бағытқа бөлініп, онда еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылды. Бірінші бағытта ақшанесие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою қажеттілігі айтылды. «Банктердің экономикаға көбірек қаржы құюына жағдай жасау қажет. Осы саладағы салық мөлшері әділ белгіленуге тиіс.
Банктердің акционерлері дивидендіне сәйкес салық төлеуі керек. Бізге Банктер туралы жаңа заң қажет. Бұл құжатта экономикалық белсенділікті қолдау және финтех саласын қарқынды дамыту сияқты өзекті мәселелер шешімін табуы керек. Қазір қолданып жүрген заң шамамен 30 жыл бұрын қабылданған. Мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірденбір жолы – көрпеге қарай көсілу. Сондықтан бюджет қаражатын стратегиялық маңызы жоқ, аса шұғыл емес шаруаларға оңды-солды шашуды доғару керек.
Салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттыру өзекті мәселеге айналды. Кәсіпкерлер өздері пайдаланатын салық жеңілдіктері бойынша есеп беруге тиіс. Бизнесті дамытуға нақты септігі тиетін жеңілдіктерді ғана қалдырған абзал. Мысалы, өндірісті өркендетеміз деген инвесторларға артықшылық беруге болады. Яғни, құрылыс салуға, активтерді сатып алуға, жаңғыртуға және қайта құруға бірреттік салық жеңілдігін берген жөн. Терең өңделген өнімді экспортқа шығаратын кәсіпкерлерге жеңілдіктер беру маңызды. Олар өзге бизнеске қарағанда көбірек қолдауға ие болуы керек» деді Президент.
Жаңа салық кодексінің ережелерін әркім әрқалай қабылдамауы үшін оны жеңілдетіп, экономикалық тұрғыдан белсенді азаматтың бәріне бірдей түсінікті ету маңыздылығы айтылып, Үкімет пен Парламентке жаңа Салық кодексінің жобасына қатысты жан-жақты талқылау жүргізуді, жаңа Салық кодексін сапалы әзірлеу үшін оны қабылдау мерзімін келесі жылға ауыстыруды тапсырды.
Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қатысты сын-қатерлерді барынша азайтып, салық саласындағы үдерістердің ашық болуын қамтамасыз ету үшін салықтық әкімшілендіру ісін жаппай цифрландыру керектігі, бүкіл салық саясатын жиі өзгеріп жатқан фискалды ахуалға бейімдеп, салық мөлшерлемесін де қайта қарап, оның ішінде жеке табыс салығының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай дифференциациялау қажеттігі туындап отырғаны, сондай-ақ салық режимдерін кәсіпкерлерге жасалған қолайлы жағдайдың нашарлап кетпеуін ескере отырып, оңтайландыру қажеттігі, оған бөлшек салықтың енгізілуін мысал ретінде айтып, осы нормаға сенім артқан кәсіпкерлер қызметін ашық жүргізе бастағанын, кәсіптерін бөлшектеуді азайтқанын, алайда бұл режим негізінен халықпен тікелей жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қатысты болуға тиістігі айтылды.
Сонымен қатар салықтық әкімшілендіру ісінде жазалау тәсілінен де бас тартып, мәжбүрлеу шараларын қолданбай-ақ, хабарлама жіберу арқылы өндірілетін салық берешегінің жоғарғы шегін көтеруге болатындығы, салық берешегі осы шектен асып кетсе, қарыз сомасы аясында ғана шектеу қою, яғни берешек сомасы тым көп болған жағдайда, кепілге мүлік қоюды талап етпей, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік беріп, жоспарға сай тексеру тәсілінен де біржола бас тартуға тырысу керектігі, ол үшін қатерлердің алдын алу жүйесін жетілдіру қажеттігі атап өтілді.
Барша еліміз күткен Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауы көпшіліктің ойынан шықты деген сенімдеміз. Себебі, қоғамның алдағы бағытбағдарын, мақсат-міндетін айқындайтын құжатта елді толғандырып жүрген мәселелер кеңінен айтылып, ол бойынша тиісті тапсырмалар беруімен құнды болды деп есептеймін.
Данияр ҚОСБЕРГЕНОВ,
аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы
23 қыркүйек 2024 ж. 55 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031