» » Ел дамуы жолындағы маңызды құжат

Ел дамуы жолындағы маңызды құжат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдаудың басты мақсаты – экономикалық өсімді жеделдету, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және экологияны қорғау арқылы халқымыздың әл-ауқатын арттыру секілді терең әрі маңызды салаларға арналған.
Президент алдағы жұмыстардың нақты бағыттарын айқындағанда ең бірінші ақша несие саясатымен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою қажеттігіне тоқталды.

Атап айтқанда, қазір нақты секторға несие әлі де ойдағыдай берілмей жатқанын ашық айтуымыз керек. Шағын және орта бизнесті жеткілікті қаржыландыру мәселесі де шешімін тапқан жоқ. Бұл жағдай еліміздегі іскерлік ортаның белсенділігіне, экономиканың тұрақтылығына және дәйекті дамуына кедергі келтіріп отыр. Үкімет пен Ұлттық Банк бірлесіп, осыған қатысты оңтайлы шешімдер ойластыруы керек. Банктердің экономикаға көбірек қаржы құюына жағдай жасау қажет.

Халықаралық сарапшылар қазақ банктерін ресурсқа бай елдер ішіндегі ең көп пайда табатын банктер санатына қосады. Сондықтан осы саладағы салық мөлшері әділ белгіленуге тиіс. Банктердің акционерлері дивидендіне сәйкес салық төлеуі керек. Банктерге мемлекет көрсеткен көмек тұрғысынан қарасақ, бұл – өте орынды ұстаным. Цифрлық активтердің айналымын қамтамасыз ету және банк саласына инновацияларды қауіпсіздік талабына сәйкес енгізу үшін оны реттейтін тетіктердің тұрақты болуы маңызды деп көрсетті.

Жолдауда Мемлекет басшысы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға, ауылдарды көтеруге мүмкіндік беретін «Ауыл аманаты» жобасы аясында тағы бір жаңа тәсілді, яғни «тауар несиесін» беру мәселесін қарастыру қажет екендігін атап айтты.

«Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды. Әр ауданда азаматтарға түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық ашу қажет» деді Президент.

Өткен жылдан бері өңірімізде «Ауыл аманаты» жобасы өз тиімділігін көрсетіп, нәтижелі істер жасалуда. Бүгінгі Жолдауда айтылған «тауар несиесі» мәселесі ауыл тұрғындарын өз бизнесін одан әрі дамытуға, бұрынғы ісін кеңейтуге ұтымды мүмкіндік берері анық. Бұл мақсат, бұл міндет іске асып жатса ауыл тұрғындары еш алаңдамай егінін егіп, мол өнім өндіруге, малын өсіріп кең даламызды төрт түлік малға толтыруға, еткен еңбек пен төккен терінің жемісін көріп, әл-ауқатын еселеп арттыруға айқын жол ашылған болар еді.

Президент өз Жолдауында атап өткендей, жауапкершілікті терең сезіну арқылы еліміз дамудың сара жолына түседі.
Бұл Жолдау – Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастырудағы маңызды қадам.

Әбдірахман ҚҰЛДҮЙСЕНОВ,
Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы
03 қыркүйек 2024 ж. 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 007

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031