Тіл – тірлігіміздің айнасы

Тіл – халықтың әл-ауқаты, ол ұлттардың бірлігі мен тұтастығына зор ықпал етеді. Тіл – білім беру құралы және адамдардың қарым-қатынасын байланыстыратын тірек.
Атаулы мерекеге орай Төретам кенті кітапханасында кітапханашы Айгүл Ермахан «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты кітапханалық сағатын өткізді. Мақсаты – мемлекеттік тіл саясатының деңгейін көтеру. Тілге құрмет көрсетуге, оны ықыласпен үйренуге насихаттау. Іс-шараға мектеп оқушылары қатысып, тіл туралы терең толғаныстарын, өлеңдерін оқып, ойларын ортаға салды. Басқосу аясында «Тіл – тәуелсіздік тірегі» атты әдеби кітап көрмесінің таныстырылымы болып, оқушылар мемлекеттік тіл туралы мол мағлұмат пен тың деректер алды. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі үстем болсын!
Қымбат МОЛЫБЕКҚЫЗЫ,
Байқоңыр қаласы