» » Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Жиынға комиссия төрағасы А.Скендіров және партиялық бақылау комиссия мүшелері Н.Пірназаров, М.Бекбаев,Б.Сағымбаев қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.

1.Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы
2.Жосалы кенті көшелеріндегі жөндеу жұмыстары туралы
3. «Нұра» топтық су құбыры мекемесінің ағымдағы жылы атқарған жұмысы мен алдағы жұмыс жоспары туралы
4. «Ауыл аманаты» бағдарламасының ағымдағы жылы орындалуы,жоспары (қанша адам несие алады,ауданға қанша көлемде қаржы бөлінеді)

Қазіргі таңда білім беру мекемелері оқу жылына дайындық үстінде. Мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың қауіпсіздігі бойынша бейнебақылау камералары, дабыл түймелері, турникеттер және т.б. қауіпсіздік жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуі назарға алынуда. Сонымен қатар 21 білім беру ұйымына қаржы бөлініп, мектептерді газбен жылыту жүйесіне ауыстыру жұмысы жүргізілуде.

Жосалы кентінде тұрғындар қоныстанған 122 көше бар. Оның ішінде 90 көше асфальтталған, 21 көшеге қиыршық тас төселген, 11 көше топырақты көше. Жосалы кенті көшелерін жөндеуден өткізу жұмыстары жасау барысында мердігер компаниялармен келісім-шарт жасалып, тиісті қаржы бөлініп, бүгінгі күні көше асфальттарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін көшелерді жөндеу жұмыстарын аяқтау көзделуде.

Аудандық «Нұра» су құбыры I –жартыжылда өндірістік бөлімшенің ұңғымаларынан өндірілген су көлемі-393876 м3, аудан тұрғындарына таратылған су көлемі- 307151,713 м3. Өндірістік бөлімше теңгеріміндегі магистралды су құбыры,III-Интернационал, Дүр Оңғар, Иіркөл, Төребай би елді мекекендері мен Жосалы кенті ішкі су жүйесінің және насос стансалары жақсы жұмыс істеуде. 6 айда өндірістік бөлімше бойынша барлығы 147 авариялық жағдай орын алды. Оларды дер кезінде қалпына келтіріп, тұрғындарға тұрақты түрде ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары атқарылды. Ауызсудың бекітілген жоспары бойынша 6 айда халыққа берілген су көлемі-240841,270 м3, заңды тұлғаларға берілген су көлемі-66310,443 м3. Барлығы 307 151,713 м3.

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша жобаның тиімділігі мен несие алу жолдары туралы кент және ауылдық округтерде тұрғындармен кездесулер өткізіліп және бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы халыққа кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жоба шеңберінде несиелендіруге барлығы 1,7 млрд теңге бөлініп, тұрғындардан 265 өтінім келіп, құжаттары жинақталып зерттелді. Нәтижесінде «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының несие комитетіне жалпы құны 346,8 млн теңге болатын 83 жоба ұсынылып, оның 45 жобасы 297,6 млн теңгеге несиелендірілді. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі саласына басымдық беріліп, 13 жобаға 106,2 млн теңге несие берілді.

2024 жылы жалпы құны 540,8 млн теңге болатын 78 жобаны несиелендіру арқылы 92 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында асыл тұқымды мал өсіру, құс шаруашылығы, бал ара шаруашылығы, сүт өнімдерін өңдеу, нан және кондитерлік өнімдер шығару, құрылыс, пластик өнімдерін дайындау жобалары жүзеге асырылды. Қазіргі таңда бағдарлама аясында несие алған жобаларда 53 тұрақты жұмыс орны ашылып, жұмыс жасауда.

Қорытындылай келе, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша толық қаралып, жан-жақты талқыланды. Сондай ақ, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша нақты іс-шаралармен, шешімдер қабылданып тиісті ұсыныстар берілді.
28 тамыз 2024 ж. 194 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 281

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930