» » Қуаңдария ауылдық округі әкімінің сайлауы: Сыныптастар мен бір көшенің тұрғындары сайлауда бірліктің үлгісін көрсетті

Қуаңдария ауылдық округі әкімінің сайлауы: Сыныптастар мен бір көшенің тұрғындары сайлауда бірліктің үлгісін көрсетті


Бүгін Қармақшы ауданының Қуандария ауылдық округінің әкімі сайланады. Ауыл халқы демократия жолымен өз ауылдық округінің әкімін тікелей сайлау арқылы үлес қосуға дайын екендіктерін білдіруде.

Ауылдық округте барлығы 412 сайлаушы дауыс беруге құқылы. Қуандария жұрты 4 жыл мерзімге сайланатын ауыл әкімі үшін таңдау жасап, сайлау учаскесіне ауызбіршілікпен келуде. Жексенбілік демалысқа қарамастан, Ідіріс Мырзақұлов көшесінің және Жастар көшесінің тұрғындары сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Олар әрбір сайлау науқанына ұйымдаса келуді әдетке айналдырған.

Сайлау сыныптастардың да басын біріктірді. Мектеп бітіргеніне 48 жыл және 37 жыл болған түлектер науқанға топтаса келіп, дауыс берді. Олар ауыл өмірі үшін маңызды кезеңде қадам жасап, дауыс беруден аянып қалмай, ауызбіршіліктің жоғары үлгісін көрсетті.

- Биыл мектеп бітіргенімізге 48 жыл толды. Сыныптастар ретінде бұрыннан маңызды істерде бірігіп іс жасайтынбыз. Қазақ “біріккен білек жер қопарады” деген. Сайлауға келіп, өз өлкеміздің әкімі болуға ниетті азаматқа дауыс беріп, келешек үшін қадам жасадық, - дейді сайлаушы Қаламқас Телебаева.

Айта кетейік, таңғы 7-де басталған дауыс беру процесі кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.

04 тамыз 2024 ж. 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930