» » Қызылорда облысы бойынша студенттік омбудсмен тағайындалды

Қызылорда облысы бойынша студенттік омбудсмен тағайындалды

Қызылорда облысы бойынша студенттік омбудсмен лауазымына Назерке Бекматова тағайындалды.
Назерке Жасұланқызы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 3 курс студент, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары. Сондай-ақ, жастар арасындағы бағдарламалар мен жобалардың құрастырушысы, Республикалық волонтерлік бағыттағы шағын гранттардың иегері.
Омбудсмендер институты «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысы және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Студенттер Кеңесімен бірлесіп жатақханаларға мониторинг жүргізеді. Мониторинг барысында орындарды бөлу критерийлері мен тұру жағдайлары бағаланатын болады.
Сонымен қатар, жеке жатақханалардың оқу жылында студенттерді қабылдауға дайындығы және орын тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған университеттермен жасалған шарттар тексеріледі.
Омбудсмендер институты барлық өңірлердің белсенді жастарын арнайы мониторингтік топқа қосылуға шақырады. Омбудсмендерге жатақхана мәселесі, әр түрлі проблемалық мәселелерді шешу үшін аталған нөмірлерге қоңырау шалып (+7 700 215 4610), жеке хабарламалар (@bekmatova_erke) жаза аласыздар.
24 шілде 2024 ж. 383 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 900
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 602

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930