» » Қор 2024 жылы медициналық ұйымдарға шамамен 1,27 трлн теңге төледі

Қор 2024 жылы медициналық ұйымдарға шамамен 1,27 трлн теңге төледі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында медициналық ұйымдарды қаржыландыру барысы туралы есеп берді. Бүгінде еліміз бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда жалпы 1 трлн 272 млрд теңге төленді. Қазір 2024 жылы көрсетілген медициналық қызметтерге төлемдер жүргізілуде.
22 шілдедегі жағдай бойынша ӘМСҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы 112 медициналық ұйымға биылғы қаңтар-наурыз және ішінара сәуір айлары үшін актілерге 60,2 млрд теңге төленді.
«Шілденің соңына дейін сәуір айына төлем жасауды аяқтап, мамыр айына актілерге төлем жасауға көшу жоспарлануда. Қаржыландыру кезеңдері қазақстандықтардың медициналық көмек алуына кедергі келтірмеді және кедергі етпеуі тиіс екенін атап өткім келеді», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.
Сонымен бірге Қор медицина қауымдастығын шарт аясында бөлінген қаражатты ұтымды пайдаланып, сондай-ақ қазақстандықтарға медициналық көмек көрсетуден бас тартпауға шақырды. Жалпы алғанда жағдай Қордың бақылауында және медициналық ұйымдарды үздіксіз қаржыландыру бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.
24 шілде 2024 ж. 126 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 292

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 387

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930