» » 2024 жылы паспорт жасату қанша тұрады және оны қалай рәсімдейді?

2024 жылы паспорт жасату қанша тұрады және оны қалай рәсімдейді?

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Жазда көпшілік еңбек демалысына шығады. Егер демалысыңызды шетелде өткізуді жоспарласаңыз, сіз міндетті түрде паспорт жасатуыңыз керек. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын қалаған уақытта рәсімдеуге болады. Massaget.kz тілшісі Еgov порталындағы мәліметтерге сүйене отырып, паспортты рәсімдеу бойынша нұсқаулық ұсынады.

2024 жылы паспорт жасату қанша тұрады?


2024 жылы Қазақстан Республикасы азаматының 36 беттік паспортын алуға мемлекетті баж - 8 МРП немесе 29 536 теңге, ал 48 бетттік - 12 МРП немесе 44 304 теңгеніқұрайды.
Құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін (ҚҚС-сыз бағасы):
Астана, Алматы, Шымкент қалалары және облыс орталықтары үшін:
1-санатты жеделдік - 3372 теңге;
2-санатты жеделдік - 1771 теңге.
Облыстардың аудандары мен қалалары үшін:
3-санат -  678 теңге.

Паспорт неше күнде дайын болады?

Құжат жалпы тәртіпте - 15 жұмыс күнінен кешіктірмей (өтінімді ресімдеу және дайындалған құжатты қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) дайын болады.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін (өтінімді ресімдеу және жеделдетілген қызмет үшін түбіртекті төлеу күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi):
  • Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін – жеделдіктің 1-санаты бойынша 1 жұмыс күніне дейін; жеделдіктің 2-санаты бойынша 3 жұмыс күніне дейін;
  • облыс орталықтары үшін – жеделдіктің 1-санаты бойынша 3 жұмыс күніне дейін; жеделдіктің 2-санаты бойынша 5 жұмыс күніне дейін;
  • облыстардың қалалары және аудандары үшін – жеделдіктің 3-санаты бойынша 7 жұмыс күніне дейін.
ХҚТ ТП АЖ арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыны фотосуретке түсіру ХҚТ ТП АЖ-да халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес және ақысыз жүргізіледі.
Фотосурет бiр негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдiсiмен орындалады, қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген, бейтарап бет-бейнесі көрінісімен және аузы жабық түскен, бетi фотосуреттiң жалпы ауданының 75% жуығын алатындай болып жасалады. Компьютерлiк сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшiрме әдiсiмен дайындалған суреттердi пайдалануға жол берiлмейдi. Суретке түсіру кезінде діни не медициналық себептер бойынша басты жабуды қоспағанда, ешқандай бас киім киіп түсуге жол берілмейді, бұл жағдайда беті иектің төменгі жағынан маңдайына дейін ашық күйде қалады, бас киім көлеңкесінің бетке түсуіне жол берілмейді. Көзі ашық және анық көрінуі тиіс, шашпен жабылмауы қажет. Көзілдіріктің жиегі көзді жаппайды, шағылыстырғыш және күннен қорғайтын көзілдіріктерге жол берілмейді. Сонымен қатар, құжатталатын адамның униформада суретке түсуіне жол берілмейді.

Қажетті құжаттар:

  1. Іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры бе­ре­тін бел­гі­лен­ген ны­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­на қа­был­дау ту­ра­лы 7-ны­сан­да­ғы анық­та­ма (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­на қа­был­да­у­ға бай­ла­ны­сты құ­жат­тар­ды ал­ған кез­де).
  2. Құжат үшiн мемлекеттiк баждың төленгенi туралы түбiртек (мемлекеттiк баж төлеуден босатылған адамдар Салық кодексінің 622-бабына сәйкес растайтын құжаттарын ұсынады).
  3. Фор­му­ляр­ды тол­ты­ру ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның жа­сы­на сәй­кес ке­летiн өл­ше­мі 3,5 х 4,5 сан­ти­метр екі фо­то­су­рет. 
Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар және тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тір­ке­удің бар-жо­ғы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ХҚТ ТП ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­нен ала­ды.

Кімдер паспортты тегін алады?

  • Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi.
  • Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденiнiң үш дәрежесiмен, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерiмен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ерi" атақтарын алған адамдар.
  • "Батыр ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар.
  • Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры кезеңiнде кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қажырлы еңбегi мен қалтқысыз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО-ның ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердiң ата-аналарының бiрi.
  • Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi медициналық-әлеуметтiк мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйiнде және (немесе) интернаттарда тұратын толық мемлекет қамқорлығындағы жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
  • Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.
22 шілде 2024 ж. 355 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 291

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 386

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930