Құрылтай
» » Ақ халатты абзал жандар марапатталды

Ақ халатты абзал жандар марапатталды


Бүгін “AMANAT” партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы М.Есбенбетов Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасының қызметкерлерін Халықаралық медицина қызметкерлері күнімен құттықтады.

Ақ халатты абзал жандармен кездесу барысында Байқоңыр партия филиалының Атқарушы хатшысы М.Есбенбетов: "Денсаулығымыз сыр беріп, жанымыз қысылғанда көмек қолын созуға қашанда дайын тұратын дəрігерлерді əрдайым дəріптеуіміз керек. Медицина саласының мамандары қандай мəртебеге, марапатқа болсын əбден лайық. Сондықтан да, ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсету – əрбіріміздің азаматтық борышымыз", - деп атап өтті.

Бүгінгі мерекелік кездесу барысында "Денсаулық" БПҰ төрағасы, Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Е.Игенбаев, аймақтық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Г.Тенелбаева "AMANAT" партиясының Атқарушы хатшысы Д.Кәрібектің Алғыс хаттарымен марапатталды
14 маусым 2024 ж. 457 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 650
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 108

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31