» » Облыстың 109 медициналық ұйымы қосымша қаржыландырылды

Облыстың 109 медициналық ұйымы қосымша қаржыландырылды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халыққа медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдарға берілетін алдын ала төлемді 30%–дан 70%-ға дейін, ал медициналық қызметтерді жаңа жеткізушілер үшін 30%-ға дейін көтерді. Мұндай шаралар медициналық ақпараттық жүйелерді жаңарту кезеңінде емханалардың қаржылық тұрақтылығын қолдау үшін қабылданды. Бұл туралы ӘМСҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов хабарлады.
Қазір ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтердің мониторингі мен сараптамасы үшін ақпараттық жүйелері пысықталып, Қордың «SAQTANDYRY» ақпараттық жүйесінің төлем бөлігі әзірлену үстінде. Осыған байланысты нақты көрсетілген жұмыстардың аяқталу қорытындысы бойынша медициналық қызметтер қаржыландырылатын болады.
Сонымен қатар БСМК, әлеуметтік маңызы бар аурулар, паллиативтік көмек, гемодиализ, жедел медициналық көмек сияқты басым бағыттар бойынша 47%-ға дейін қосымша алдын ала төлем берілді. Барлығы 86 медициналық ұйым шамамен 12,1 млрд теңге алды.
10 мамырдағы жағдай бойынша 106 медициналық ұйымға 40,42 млрд теңге қосымша алдын ала төлем төленді.
Осылайша, Қордың 111 жеткізушісінің 106-ы немесе 95%-ы алдын ала төлем алды. Қалған 2 медициналық ұйым жаңа жеткізушілер болып табылады және 2 медициналық ұйым алдын ала төлем алудан жазбаша бас тартты. 1 медициналық ұйым (ФГБУЗ ЦМСЧ№1 ФМБА России) мемлекетаралық меморандумға сәйкес аванстық төлем төленбейді.
Медициналық ұйымдарға алдын ала төлемдерді төлеу жұмыстары жалғасуда.
13 мамыр 2024 ж. 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031